17.01.2013, 11:24 3323

Қырымбек Көшербаев Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды

"Бүгін ҚР Премьер-министрі Серік Ахметов жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барып, облыс мәслихатының кезектен тыс отырысына қатысты. Онда С.Ахметов Елбасының облыс әкімі қызметіне Қырымбек Көшербаевты тағайындау туралы ұсынысы жазылған хатын оқыды", - делінген Үкімет басшысының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Астана. 17-қаңтар. Kazakhstan Today - Қырымбек Көшербаев Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бүгін ҚР Премьер-министрі Серік Ахметов жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барып, облыс мәслихатының кезектен тыс отырысына қатысты. Онда С.Ахметов Елбасының облыс әкімі қызметіне Қырымбек Көшербаевты тағайындау туралы ұсынысы жазылған хатын оқыды", - делінген Үкімет басшысының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Депутаттар Елбасы ұсынған кандидатураға бірауыздан қолдау білдірді.

Отырыс соңынан С.Ахметов облыс активіне өңірдің жаңа басшысын таныстырды.

"Жаңа әкімнің міндеті - алдағы уақытта да өңірдің экономикалық дамуын қамтамасыз етіп, Мемлекет басшысының қойған міндеттерін тиімді жүзеге асыру", - деді С.Ахметов.

Өз кезегінде Қ.Көшербаев өзіне артылған жоғары сенімі үшін ҚР Президентіне алғысын білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны