02.05.2017, 12:45 4377

Қырымбек Көшербаев: "Жастар үшін білім басымдық болуы керек"

- Жастар үшін әрқашанда басым бағыт білім болуы керек. Білімніӊ маӊыздылығын алдыӊғы орынға қоятын ұлт қай кезде де үлкен биіктерді бағындырады. Сондықтан да қазақстандықтар эволюциялық даму мен ашықтық принципін ұстану қажет. Сананыӊ ашықтығы өзгерістерге дайын болуға мүмкіндік береді және жаӊа технологиялардыӊ дамуына әкеледі,-деді облыс әкімі.

Қызылорда. 2 мамыр. Kazakhstan Today - 28 сәуір күні Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев Достық үйінде "Тәуелсіз Қазақстан этносаясатыныӊ қалыптасуы" тақырыбында дәріс оқып, Елбасы Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты бағдарламалық мақаласына баса назар аудартты.

Мақаланыӊ маӊызды бөліктерініӊ бірі білім берудіӊ маӊыздылығына арналған.

- Жастар үшін әрқашанда басым бағыт білім болуы керек. Білімніӊ маӊыздылығын алдыӊғы орынға қоятын ұлт қай кезде де үлкен биіктерді бағындырады. Сондықтан да қазақстандықтар эволюциялық даму мен ашықтық принципін ұстану қажет. Сананыӊ ашықтығы өзгерістерге дайын болуға мүмкіндік береді және жаӊа технологиялардыӊ дамуына әкеледі,-деді облыс әкімі.

Бұл Қызылорда облысында да күн тәртібіндегі мәселе. Мемлекеттік бағдарламалардан бөлек, аймақта сұранысқа ие мамандар қатарын толықтыру үшін облыс әкімініӊ және Ресей Үкіметініӊ гранты негізінде немесе "Серпін" бағдарламасы бойынша жастар оқуға жіберіліп, ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Сонымен бірге жалпыға бірдей тегін орта арнаулы білім беру бағдарламасын жүзеге асыру шеӊберінде ондаған мыӊ қыз-жігіттерді тегін жұмысшы мамандығымен оқыту жоспарлануда. Ал, осыдан бірнеше күн бұрын Қызылорда облысыныӊ әкімдігі мен "Microsoft" компаниясы Сыр өӊіріндегі білім беру мекемелерінде озық технологияларды қолдану туралы ынтымақтастық меморандумына қол қойған болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны