06.08.2012, 15:09 3206

Қыркүйектің бірінен бастап Алматы мен Алматы облысында элект қуатының тарифі қымбаттайды

"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ-ның электр қуатын беру және үлестіру қызметінің бағасын өзгертуіне байланысты Алматы мен Алматы облыстарында электр қуаты тарифін ұлғайту жоспарланып отыр", - деп хабарлады "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС.

Алматы. 6-тамыз. Kazakhstan Today - Қыркүйектің бірінен бастап Алматы мен Алматы облысында элект қуатының тарифі қымбаттайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ-ның электр қуатын беру және үлестіру қызметінің бағасын өзгертуіне байланысты Алматы мен Алматы облыстарында электр қуаты тарифін ұлғайту жоспарланып отыр", - деп хабарлады "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС.

"АлматыЭнергоСбыт" ЖШС-на "Алатау Жарық Компаниясы" электр қуатын үлестіруші компаниясынан 2012 жылдың 1 қыркүйегінен бастап электр қуаты тарифін 30%-ға қымбаттату туралы хабарлама алғаны айтылған.

"АлматыЭнергоСбыттың" өткізу тарифіндегі АЖК тарифінің үлесі 34,7%-ды құрайды", - деп түсіндірді "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС.

"АЖК" АҚ-ның тарифі электр қуатының өткізуші тарифінің негізгі құраушысы екенін ескере отырып, ""АлматыЭнергоСбыт" ЖШС ҚР Алматы және Алматы облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің департаментіне (ТМРАД) 2012 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Алматы және Алматы облысының аймағындағы тұтынушылар үшін электр қуатының тарифін қымбаттату жөнінде өтініш білдірді.

"Алматы және Алматы облысының аймағындағы тұтынушылар үшін тарифтің қымбаттату көлемін ТМРАД белгілейді", - деді "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны