16.08.2006, 11:20 2968

Қыркүйектің ортасында Шымкенттегі хайуанаттар бағына Польшадан сусиыр әкелінеді

ШЫМКЕНТ. 16-тамыз. Kazakhstan Today. Қыркүйектің ортасында Шымкенттегі хайуанаттар бағына Польшадан сусиыр әкелу туралы мәселе шешілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Хайуанаттар бағының басшылығы жануарды жеткізуге қажетті қаржы мәселесін шеше алмай келген. Ал кеше Шымкент хайуанаттар бағының директоры Ғани Сұлтанов журналистерге жануарды тасымалдау мәселесі шешілгенін, Шымкент әкімшілігі бұл мақсатқа 3 млн. теңге бөлгенін хабарлады. "Қазір құжаттарды дайындау жұмысы жүргізілуде. Қыркүйек айының басында біздің екі қызметкер сусиырды әкелу үшін жолға шығады. Қыркүйектің ортасында сусиыр қалада болады деп сенеміз",- деді Ғ.Сұлтанов. Оның айтуынша, сусиырды қалаға Польша жағы бөлген арнаулы автокөлікпен жеткізеді. Ол душ секілді жануарларды тасымалдауға арналған жабдықтармен жабдықталған.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Шымкенттегі хайуанаттар бағында қазір Ламбада атты ұрғашы сусиыр мен оның Тұрсын атты екі жасар төлі бар. Сұлтан атты қарт сусиыр 2004-жылы өліп қалғандықтан, оның орнын басатын жануар іздестірілген болатын. Былтыр Гданьск қаласындағы хайуанаттар бағынан хат келіп, ондағылар 8 жасар сусиырды тегін беруге дайын екенін хабарлаған. Бірақ оны тасымалдау қаржысын өз жағымыз көтеруге тиіс болды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны