17.04.2012, 14:27 3616

Қысқы аязда "қатып қалған" тұрғын үйлер бойынша тексеріс жүргізіледі

"Жылыту мусымы кезінде Астанада жаңадан пайдалануға берілген бірқатар әлеуметтік және тұрғын үй нысандаында температурлық режімді сақтау бағытында проблемалар анықталды", - деді И. Тасмағамбетов сейсенбі күні өткен кеңесте.

Астана. 17-сәуір. Kazakhstan Today - Қысқы аязда "қатып қалған" тұрғын үйлер бойынша тексеріс жүргізіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов қысқы маусымда жылумен және сумен қамтамасыз етуде қиындық көрген нысандарда арнайы тексеру жүргізілетіндігін мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат агенттігі.

"Жылыту мусымы кезінде Астанада жаңадан пайдалануға берілген бірқатар әлеуметтік және тұрғын үй нысандаында температурлық режімді сақтау бағытында проблемалар анықталды", - деді И. Тасмағамбетов сейсенбі күні өткен кеңесте.

Оның атап өткеніндей, нысандардағы температура Астананың ауа-райына сай белгіленген талап пен сметаға сәйкес келмеген.

"Сонымен қатар сумен қамтамасыз ету мен кәріздік желілерге қатысты да наразылықтарымыз бар", - деп атап көрсетті қала басшысы.

"Аталған жағдайлар бойынша біз жете тексеру өткіземіз, қажет болса құқық қорғау органдарын тартамыз", - деді ол.

Жалпы қала әкімі экстремалды төмен температура тіркелген өткен қыста энергетика, жылумен қамтамасыз ету және басқа да нысандардың жұмысына үлкен сын болғандығын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны