29.05.2008, 17:17 10658

Қытай алтын өндіру жағынан 2008 жылы әлем бойынша бірінші орынға шығады-Қытай алтын өндірушілері

Қытай алтын өндіру жағынан 2008 жылы әлем бойынша бірінші орынға шығады-Қытай алтын өндірушілері

Алматы. 29 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қытай биылғы жылы ЮАР-ды басып озып әлем бойынша алтын өндіру жағынан бірінші орынға шығады. Бұл туралы Қытайдың алтын өндірушілері қоғамы төрағасының орынбасары Хоу Хуэйминь Шанхайдағы өндіріс өнімдерінің нарығын дамыту форумында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік "Синьхуа" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Алтын өндірушілердің берген мәліметінше, өткен жылы Қытайда өндірілген алтын көлемі өткен жылдардағы көрсеткішпен салыстырғанда 12,67% өсіп, 270,49 тоннаны құрады. Қытай бұл көрсеткіш бойынша АҚШ-ты басып озып әлем бойынша екінші орынға шықты. Биылғы жылы Қытайда шығарылатын алтын 300 тоннаға жетуі мүмкін.

Естеріңізге сала кететін болсақ, Оңтүстік Африка Республикасы жүз жылдан бері алтын өндіру көлемі жағынан әлем бойынша бірінші орынды иемденіп келеді. Илем бойынша зерттелген алтын қоры көлемінің 35 пайызы осы елдің үлесіне тиесілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны