09.04.2010, 15:19 5735

Қытай армиясы жаңа әскерлерді интернет көмегімен қызметке тартпақшы

Қытай армиясы жаңа әскерлерді интернет көмегімен қызметке тартпақшы

Алматы. 9 сәуір. Kazakhstan Today - Қытайдың Халықтық азат ету армиясының қолбасшылығы елдің білім министрлігінің қолдауымен қытай жоғарғы оқу орындарының түлектері арасынан әскер қатарына жаңа адамдарды шақыру үшін насихаттық интернет-портал жасамақшы. Тек биыл ғана Қытайдың Халықтық азат ету армиясына әскер қатарына елдің жоғарғы оқу орындарының 150 мың түлегі шақырылады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today "РосБизнесКонсалтинг" (РБК) агенттігіне сілтеме жасап.

Білімді жастардың Қытай армиясында борышын өтеуінің тартымдылығын арттыру үшін ел үкіметі өткен жылы әрбір шақырылған түлекке 24 мың юаньнан ($3,5 мың) бөлген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны