28.09.2018, 14:01 5250

Қытай Астана мемлекеттік қызмет хабыныӊ платформасындағы ынтымақтастықты кеӊейтуге қызығушылық танытты

"Хаб өӊірдегі елдерге бір-бірініӊ тәжірибесін үйренуге керемет мүмкіндік беріп отыр. Ирбір ұлттыӊ өз менталитеті мен өзіндік ерекшеліктері бар, сондықтан барлық мәселелерді шешудіӊ әмбебап тәсілі жоқ", - деді ол.

Астана. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - 25 қыркүйекте Астана мемлекеттік қызмет хабыныӊ басқарушы комитетініӊ төрағасы Алихан Байменов Қытай Халық Республикасыныӊ Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяо мырзамен кездесті.

Алихан Байменов Хабтыӊ мемлекеттік қызмет саласындағы тәжірибе және білім алмасу алаӊы екендігін атап өтті.

"Біз мемлекеттік қызмет саласындағы мүмкіндіктер мен шешімдерді, сонымен қатар жаһандық және аймақтық трендтерді көрсетеміз. Ир үкімет өзіндікерекшеліктерінескере отырып, осылардыӊ қайсысыөздеріне оӊтайлы екенін анықтайды. Негізі, мемлекеттік қызмет саласында ұстаздар мен шәкірттер жоқ. Дегенмен,барлығы басқа елдердіӊтәжірибесін зерттеуге және өз тәжірибесімен бөлісуге мүдделі".

Елші Чжан Сяо таӊдап алынған жұмыс бағытыныӊ өзектілігін, соныӊ арқасында Астана хабыныӊ табысты қызмет атқарып отырғанын атап өтті:

"Хаб өӊірдегі елдерге бір-бірініӊ тәжірибесін үйренуге керемет мүмкіндік беріп отыр. Ирбір ұлттыӊ өз менталитеті мен өзіндік ерекшеліктері бар, сондықтан барлық мәселелерді шешудіӊ әмбебап тәсілі жоқ", - деді ол.

Сонымен қатар, Чжан Сияо мырза "Бір белдеу - Бір жол" бастамасыныӊ белдеу бойында орналасқан елдер экономикасыныӊ дамуындағымаӊыздылығын атап өте отырып, осыныӊ аясында бірлескен іс-шараларды жүзеге асыруды қарастыруды ұсынды.

Өз тарапынан, Алихан Байменов Қытай өкілдерін электрондық үкіметті дамыту жөніндегіпрактиктер Альянсына қатысуға шақырды.

Кездесу барысында тараптар бірлескен зерттеулер мен Хабқақатысушы елдердіӊ мемлекеттік қызметшілерініӊ әлеуетін арттыруғаарналған іс-шараларды өткізужәне сарапшылық байланыстарды кеӊейтумәселелерін талқылады.

Қытай- Астана хабына қатысушы 40 елдіӊ ішіндегі белсенді қатысушы елдіӊ бірі. Қытайлық әріптестерімен бірлесе отырып, Хабөӊір елдерініӊ мемлекеттік қызметшілері үшін бірқатар семинарлар өткізді, сондай-ақ Қытайдағы мемлекеттік басқару реформаларына арналған "Мемлекеттік қызметтіӊ реформалары мен тәжірибелері" халықаралық журналыныӊ арнайы басылымын шығарды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны