13.10.2015, 09:26 4585

Қытай радиостанциялары шекара аспады

Еліміздіӊ шығысында орналасқан "Қорғас" бақылау-өткізу бекетініӊ (қазақ-қытай шекарасы) шекара наряды қытай жерінен елімізге контрабандалық жолмен тауар алып өтпек болған 25 жасар Қазақстан азаматын ұстады

Астана. 13 Қазан. Kazakhstan Today - Еліміздіӊ шығысында орналасқан "Қорғас" бақылау-өткізу бекетініӊ (қазақ-қытай шекарасы) шекара наряды қытай жерінен елімізге контрабандалық жолмен тауар алып өтпек болған 25 жасар Қазақстан азаматын ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Вольво" автомашинасын шекаралық тесеру кезінде оныӊ ішінен бір қорап анықталып, одан қытай елінде шығарылған радиостанциялар мен оныӊ қосымша заттары табылды: 6 радиостанция, 6 батарея, 6 қуаттаушы құрылғы және 6 антенна.

Ұстау материалдары "Жаркент" кеден бекетініӊ қызметкерлеріне берілді.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны