23.07.2008, 18:36 2920

Қытай сейсмологиялық қаупі жоғары Сычуань провинциясында атом электр станциясын салмақ ниетте

Қытай сейсмологиялық қаупі жоғары Сычуань провинциясында атом электр станциясын салмақ ниетте

Алматы. 23 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қытай сейсмологиялық қаупі жоғары Сычуань провинциясында атом электр станциясын салмақ ниетте. Сейсмологиялық қаупі жоғары Сычуань провинциясында атом электр станциясын салуға арналған техника-экономикалық негіздемеден алынған мәліметтер таяуда Даму және реформалар жөніндегі ұлттық комиссияның қарауына беріледі, деп хабарлайды агенттік тілшісі China Daily газетіне сілтеме жасап.

"Құрылыс жұмыстары біз мақұлдау ала сала басталады және ол бес жылға созылады", - деді Қытайдың ядролық физика институтының басшысы Чжао Хуа.

Оның айтуынша, қуаты 4 млн - 6 млн кВт-сағ дейінгі нысанды салуға шамамен 25 млрд юань жұмсалады ($3,7 млрд). Былтыр сарапшылар тобы Сычуаньдағы Санба ауылында болып, облыстағы бірінші АЭС салынатын жерді көрген.

Бұл топ мамырдағы жер сілкінісінен кейін ауылға қайта барып, жер телімінің зақымдану белгісі жоқ деп оралды.

"АЭС салу провинцияның жедел экономикалық дамуы үшін қажет", -дейді провинция комитеті хатшысының орынбасары.

Бұл өңір қазір энергияның 68% су электр станцияларынан алады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны