13.07.2010, 10:47 3639

Қытай шенеуніктері барлық отбасы мүшелерінің табысы туралы есеп беретін болады

РБК хабарлауынша, Қытайда Коммунистік партияның бас кеңесінің бас басқармасы және партиялық комитет сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа қаулы қабылдаған.

Алматы. 13-шілде. Kazakhstan Today Қытай шенеуніктері барлық отбасы мүшелерінің табысы туралы есеп беретін болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі "РосБизнесКонсалтинг" (РБК) АА-не сілтеме жасай отырып.

РБК хабарлауынша, Қытайда Коммунистік партияның бас кеңесінің бас басқармасы және партиялық комитет сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа қаулы қабылдаған. Оған сәйкес, шенеуніктер өз табыстары, отбасылық жағдайының өзгеруі, отбасы мүшелерінің орналасқан мекені (егер олар шетелге кетсе), сондай-ақ, отбасылық инвестициялар туралы есеп беруге міндетті. Бұл қаулы шеңберіне мемлекеттік аппараттың барлық өкілдері кіреді. Олардың қатарында мемлекеттік компаниялардың қызметкерлері де бар.

Жаңа ережелерге сәйкес, мемлекеттік қызметкер отбасылық жағдайының өзгеруі және отбасы мүшесінің шетелге кетуі жөнінде неке куәлігін алған, оның күшін жойған және отбасы мүшесі сапарға аттанған сәттен бастап 30 күн ішінде баяндауға міндетті. Олар берілген шетел төлқұжаттары және визалар, сондай-ақ, егер балалары шетел азаматтарына немесе Гонконг тұрғындарына үйленсе немесе тұрмысқа шықса, онда балаларының отбасылық мәртебесі жөніндегі мәліметтерді де бірге ұсынулары тиіс.

Бұдан былай шенеуніктер өздері немесе отбасы мүшелері айналысатын кез келген бизнес, сонымен қатар, жылжымайтын мүлікке иелік ету (шенеуніктің атына немесе оның отбасы мүшелерінің атына рәсімделген) және инвестициялар жайында хабарлауға міндеттеме алып отыр.

Жоғарыда аталған мәліметтерді уақтылы ұсынудан бас тартқан немесе жалған мәліметтер берген жағдайда шенеуніктерге және басқа да мемлекеттік қызметкерлерге оларды қызметтерінен алуға дейін алып келетін әртүрлі жазалау шаралары қолданылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны