12.09.2018, 23:21 4230

Қытай тарапы Қазақстандағы дін саласын реттеу тәжірибесі мен конфессияаралық келісім моделіне қызығушылық танытуда

Тараптар Қазақстан мен Қытай арасында өзара түсіністік пен татулыққа негізделген берік достық қарым-қатынас орнағанын атап өтті.

Астана. 12 қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР Қоғамдық даму вице-министрі Б.Арын екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша Қытай Халық Республикасы Халықтық саяси консультативтік кеӊесі жанындағы ұлттар мен дін істері жөніндегі Комиссия төрағасы Ван Вэйгуанмен кездесті.

Кездесу барысында "Бір белдеу, бір жол" бағдарламасыныӊ 5 жылдығы аясында тараптар Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарыныӊ негізгі бағыттары мен дін және этносаралық келісім саласындағы диалогты нығайту, атап айтқанда ҚР Қоғамдық даму министрлігі мен ҚХР Дін істері жөніндегі мемлекеттік басқармасы арасында ынтымақтастық жөнінде Меморандум бекіту туралы пікір алмасты.

Тараптар Қазақстан мен Қытай арасында өзара түсіністік пен татулыққа негізделген берік достық қарым-қатынас орнағанын атап өтті.

Төраға Ван Вэйгуан Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.И. Назарбаевтыӊ салиқалы саясатыныӊ арқасында этносаралық қатынастарда үлкен жетістіктерге қол жеткізілгенін айтып, осыныӊ негізінде Қытай тарапы осы саладағы Қазақстанныӊ тәжірибесіне, оныӊ ішінде діни қызметті реттеу саласына қызығушылық танытып отырғанын атап өтті.

Өз кезегінде вице-министр Қытай делегациясына Министрліктіӊ қызметі мен жаӊа бағыттары туралы баяндап, түрлі этникалық топтар мен конфессиялар өкілдерініӊ арасында бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етудегі Қазақстанныӊ табысты тәжірибесі, сондай-ақ Мемлекет басшысыныӊ Қазақстан Халқы ассамблеясын құру, "Отандастар" қорын және Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларыныӊ съезін өткізу жөніндегі бастамаларымен таныстырды.

Бұдан бөлек, Б.Арын Қытай тарапына Астана дінаралық форумыныӊ жұмысына белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіріп, сондай-ақ, осы жылдыӊ 10-11 қазанында Қазақстанныӊ астанасында өтетін VI діндер съезіне ҚХР делегациясыныӊ қатысатындығына сенім білдірді.

Кездесу барысында Қазақстан мен ҚХР арасындағы "достық көпірі" болып табылатын ҚХР-дағы қазақ диаспорасыныӊ жағдайына қатысты мәселелер қаралды. Атап айтқанда, Қазақстандық тарап Қытай басшылығына Қытайда тұратын қазақ диаспорасына қолдау таныту және тарихи отанымен мәдени байланыстарды дамытуға одан әрі қолдау көрсетуге сенім білдірді.

Кездесудіӊ қорытындысы бойынша тараптар тұрақты конфессияаралық және этносаралық диалогты жалғастыруға, сондай-ақ мемлекеттік-діни қатынастар саласында кеӊ көлемде тәжірибе алмасу мақсатында екі ел өкілдерініӊ жұмыс сапарларын ұйымдастыру мүмкіндіктерін қарастыруға уағдаласты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны