28.01.2008, 18:16 2967

Қытай вагондарында денсаулыққа қауіпті заттар табылмады- Астана-финанс

Қытай вагондарында денсаулыққа қауіпті заттар табылмады- Астана-финанс

Алматы. 28 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қытай вагондарында жолаушылардың денсаулығына қауіпті заттар табылмады. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында "Астана-финанс"" лизингтік компаниясының директорлар кеңесінің төрайымы Эльмира Ибатуллина хабарлады.

"Үш темір жол құрамы төңірегіндегі ауасын бірлесіп өткізген зерттеулері кезінде стирол, ксилол, фенол и формальдегид сияқты зиянды заттар табылмады ", деп хабарлады Э. Ибатуллина.

Оның сөздеріне қарағанда, бұдан бұрын СЭС өкілдерінің вагондардағы зиянды химиялық заттардың нормадан 8- 135 есе асатыны жөнінде жариялаған деректері расталмады.

Э. Ибатуллина хабарлағанындай, бүгінгі кезде ҚР денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық қызметкерлері, "Ғылыми сараптау орталығы", "Жолаушылар тасымалы" АҚ, "Астана-финанс"лизингтік компаниясы" АҚ және ҚХР Тянь-Шань вагон құрылысының зауыты өкілдерінен құралған бірлескен комиссия өз жұмыстарын жалғастыруда.

Бүгін парламентте өткен үкімет сағатынан кейін, ҚР денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Анатолий Дерновой журналистерге берген сұхбатында ҚР денсаулық сақтау министрлігі қытайда жасалған жолаушыларды тасымалдайтын вагондардың өңдеу материалдарын ауыстыруды талап етіп отырғаны жөнінде хабарлаған.

"Қытайдан жеткізіліп отырған тауар, жолаушылардың вагондары адамдардың денсаулығына зиян келтіретін қауіпті заттардан жасалған. Оның құрамында фенол және формальдегидтербар , "екінші дәрежелі у". Жүргізілген 250 зерттеу қорытындылары бұл зиянды заттардың барын анықтаған. 250 зерттеудің біреуінде де ондай заттар жоқ деген кері сарап көрсетілмеген. Яғни зиянды заттар бұл вагондарда бар", - деп атап өтті министр.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, денсаулық сақтау министрлігі 2006 жылдан бастап, қытай вагондарының халықтың санитарлық -эпидемиологиялық саласына қатысты заңдарына сай келмейтіні және "Қазақстан Темір Жолы"ҰК АҚ бекітіліп, Қытай халық республикасынан Қазақстанның 1520 мм шойын табынына арналып жеткізіліп отырған жолаушы вагондарының жалпы техникалық талаптарға жауап бермейтіні жөнінде сот тартыстары жүргізілуде".

Бүгінг күнде "Лизингтік "Астана-финанс" компаниясы барлық вагонның сегіз құрамасын ҚР территориясында қалдырды. Бүгінде олардың вагондарын "Жолаушы тасымалы" АҚ, Алматы-Ақтөбе бағытында пайдалануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны