03.07.2009, 17:45 3245

Қытай жағы Қазақстан үшін визасыз қатынау режимін қарастыруда

Қытай жағы Қазақстан үшін визасыз қатынау режимін қарастыруда

Алматы. 3 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қытай жағы Қазақстан үшін визасыз қатынау режимін қарастыруда. Бұл туралы бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов пен Хайнань провинциясының губернаторы Ло Баоминнің кездесуі кезінде мәлім болды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, екі жақты кездесу барысында тараптар туризм және кәсіпкерлік саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Хайнань провинциясының губернаторы кәсіпкерлер арасындағы байланысты нығайту қажеттігін айтты.

Туризм саласын сөз ете отырып, қытай жағы визасыз режимді қарастырып жатқандығын жеткізді. Хайнань провинциясының губернаторы арнайы жұмыс тобы бұл мәселені дәйектеп жатқанын, режим алдағы қыста енгізілуі мүмкін екенін хабарлады. Сонымен қатар, Алматыдан Пекин арқылы Хайкоу аралына дейін ұшақ шығару мүмкіндігі де қарастырылып жатқаны айтылды.

Кездесуде алда болатын Азиада ойындары жайлы сөз қозғалды. "Қала әкімі қонақтарға Елбасының тікелей қолдауы арқасында бұл ойындарға дайындықтың барынша жоғары деңгейде жүріп жатқандығын жеткізді. Осыған орай, Азиада нысандары толық қайта жасалуда, ал бұл болашақта Алматыда туризмді дамытуға ықпал етеді",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны