23.01.2012, 16:53 3159

Қытайда бір айдың ішінде екі адам құс тұмауынан көз жұмды

Құс тұмауынан көз жұмған алғашқы адам 2011 жылдың 31 желтоқсанында тіркелген еді. Ол кезде Гуандун оңтүстік провинциясы Шэньчжэнь қаласының автобус жүргізушісі қауіпті вирустың құрбаны болды. Ал кеше Қытайдың оңтүстік-батысында H5N1 вирусынан екінші адам өлімі тіркелді.

Астана. 23-қаңтар. Kazakhstan Today - Қытайда бір айдың ішінде екі адам құс тұмауынан көз жұмды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Хабар агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Құс тұмауынан көз жұмған алғашқы адам 2011 жылдың 31 желтоқсанында тіркелген еді. Ол кезде Гуандун оңтүстік провинциясы Шэньчжэнь қаласының автобус жүргізушісі қауіпті вирустың құрбаны болды. Ал кеше Қытайдың оңтүстік-батысында H5N1 вирусынан екінші адам өлімі тіркелді.

39 жастағы ер адам Гуйчжоу провинциясының астанасы, Гуйян қаласының ауруханасында көз жұмды. Одан тұмаудың белгілері 6 қаңтарда байқалған. Ол үдемелі терапия бөліміне жатқызылған, мұнда науқастың жағдайы жылдам нашарлай бастайды. Аурухана дәрігерлері науқастың көз жұмуының себебі H5N1 вирусы екенін растады. Дәрігерлердің мәліметіне қарағанда, қайтыс болған адаммен тығыз қарым-қатынаста болған 71 адам тексерілген. Олардан аурудың белгілері табылмады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны