05.03.2012, 16:07 3845

Қытайда Будданың бірнеше мың мүсіні табылды

Қазу жұмыстары барысында Шығыс Вэй және Солтүстік Ци (534-550; 550-577 жылдар) мемлекеттері кезеңіне тиесілі 2895 мүсін және олардың үзінділері табылды. Агенттіктің дерегіне қарағанда, олар Линьчжан уезінен табылған.

Астана. 5-наурыз. Kazakhstan Today - Қытайда Будданың бірнеше мың мүсіні табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қытай археологтары ҚХР шығыс провинциясы Хэбэйден Будданың үш мыңға тарта мүсінін тауып алған.

Қазу жұмыстары барысында Шығыс Вэй және Солтүстік Ци (534-550; 550-577 жылдар) мемлекеттері кезеңіне тиесілі 2895 мүсін және олардың үзінділері табылды. Агенттіктің дерегіне қарағанда, олар Линьчжан уезінен табылған.

Қытай қоғамдық ғылымдар академиясының Археология институтынан, сондай-ақ Хэбэй профинциясының мәдени мұра институтынан ақ мәрмәрдан және көк тастан жасалған мүсіндер табылғаны хабарланды. Кейбір нысандарға бояу жағылған немесе алтын жалатылған. Табылған мүсіндердің биіктігі 20 сантиметрден, адам бойына дейін жетеді. Таяу уақытта Будда мүсіндері тазаланып, оларды одан әрі зерттеу үшін қалпына келтіріледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны