11.05.2010, 15:55 2806

Қытайда Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының Тұрақты комитетінің бюджет жөніндегі жұмыс комиссиясының бұрынғы төрағасы пара алғаны үшін өмірлік түрмеге айдалды

Қытайда Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының Тұрақты комитетінің бюджет жөніндегі жұмыс комиссиясының бұрынғы төрағасы пара алғаны үшін өмірлік түрмеге айдалды

Алматы. 11 мамыр. Kazakhstan Today - Орталық Қытайдың Хэнань провинциясының Синьян қаласы орта деңге лі халық соты 10 мамырда бірінші сатылы сот ретінде Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының Тұрақты комитетінің бюджет жөніндегі жұмыс комиссиясының бұрынғы төрағасы Чжу Чжиганға қатысты үкім шығарды. Ол пара алғаны үшін өмір бойы бас бостандығынан және саяси құқықтарынан айрылып, мүлкін тәркілетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Синьхуа" агенттігіне сілтеме жасап.

Сот барысында мәлім болғанындай, 2000 жылдың қаңтары мен 2008 жылдың наурыз айлары аралығында Ч. Чжиган, қаржы министрінің көмекшісі, ҚХР қаржы министрінің орынбасары лауазымдарын иемдене тұра, қызмет бабын пайдалану арқылы және тиісті мекемелер мен жеке тұлғаларлың пайдасына әрекет етіп, 7,44 млн юань көлеміндегі ақшалай және материалдық сыйақы алған. Қылмыстық әрекеті әшкереленген соң Ч. Чжиган өзі алған паралардың барлығын қайтарған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны