06.04.2010, 11:40 3182

Қытайда есірткі контрабандасы үшін жапон азаматы өлім жазасына кесілді

Қытайда есірткі контрабандасы үшін жапон азаматы өлім жазасына кесілді

Алматы. 6 сәуір. Kazakhstan Today - Қытайда есірткі контрабандасына қатысы бар айыпты деп танылған жапон азаматы өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today "РосБизнесКонсалтинг" (РБК) агенттігіне сілтеме жасап.

РБК ақпаратына сәйкес, 65 жастағы Мицунобу Акано 2006 жылы Қытайдан Жапонияға 2,5 килограмм шамасындағы есірткі -стимуляторды алып шығуға жасаған талпынысы үшін айыпты деп танылды.

Сот өкілдерінің айтуынша, айыпкердің ату жазасы оған отбасымен қоштасуға мұрсат беру үшін бір күнге кейінге шегерілген.

BBC ақпаратына сәйкес, бұл - екі ел арасындағы дипломатиялық байланыс қайта жанданған 1972 жылдан кейін жапон азаматының Қытайда өлім жазасына кесілуінің бірінші оқиғасы.

Қытай өлім жазасына кесу және оны жүзеге асыру санына қарай әлемде бірінші орындағы ел. Қытайда өлім жазасы лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану, ұрлық және аса ірі көлемде алаяқтық жасау қылмыстары үшін де қарастырылған.

Түрлі мәліметтерге сәйкес, Қытайда жыл сайын 2 - 7 мың өлім жазасы іске асырылады.

Яғни, Қытайда әлемдегі қалған барлық елдердегі жиынтық саннан көп адам өлім жазасына кесіледі. Тағы бір атап өтерлігі, Қытайдағы соттар қылмысқа қатысы бар деген күдіктілердің 99%-дан астамын айыпты деп таниды. Кейінгі 10 жылда 6 млн астам адам қылмысқа кінәлі деп танылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны