22.04.2013, 12:10 3255

Қытайда құс тұмауын жұқтырғандар 102 адамға жетті

Агенттіктің ұсынған мәліметтері бойынша, сенбі күні сағат 16.00-ден жексенбі күнгі сағат 16.00-ге дейін алты адам H7N9 вирусын жұқтырып үлгерген. Оның ішінде бір адам Цзянсу провинциясында, бес адам - Чжэцзян провинциясында.

Астана. 22-сәуір. Kazakhstan Today - Қазіргі уақытта H7N9 құс тұмауын жұқтырғандар саны 102 адамға жетті, олардың арасында 20 адам осы дерттен көз жұмған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Сондай-ақ 12 адам бұл дерттен аман-есен айығып шыққан. Бұл туралы ҚХР денсаулық сақтау және бала тууды жоспарлау мемлекеттік комитеті хабарлап отыр.

Агенттіктің ұсынған мәліметтері бойынша, сенбі күні сағат 16.00-ден жексенбі күнгі сағат 16.00-ге дейін алты адам H7N9 вирусын жұқтырып үлгерген. Оның ішінде бір адам Цзянсу провинциясында, бес адам - Чжэцзян провинциясында.

Бейжіңде, соңғы мәліметтерге сәйкес, бір адам аталмыш дертті жұқтырып алған, Шанхайда 33 жағдай тіркелді, Цзянсу провинциясында - 24, Чжэцзян провинциясында - 38, Аньхойда - 3, Хэнаньда - 3.

Шанхайда вирустан 11 адам көз жұмды, Цзянсуда - 3, Аньхойда - 1, Чжэцзянда - 5.

Бұл вирустың адамнан адамға жұғу жағдайы әлі теркелмеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны