26.12.2011, 12:06 3561

Қытайда мектеп автобусы таудан құлап кетті, құрбан болғандар бар

Қытайдың оңтүстік батысындағы Юннань провинциясында апат салдарынан жеті адам қайтыс болған. Жеті орынды шағын автобус 12 оқушы мен бір ересек адамды әкеле жатқанда сенбі күні сағат 9.00-де Гуаннань ауданында 78 метрлік биіктен жарға құлаған

Астана. 26-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қытайда мектеп автобусы таудан құлап кетті, құрбан болғандар бар, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Интерфакс Қазақстан ақпараттық агенттігінің "The China Daily" газетіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Қытайдың оңтүстік батысындағы Юннань провинциясында апат салдарынан жеті адам қайтыс болған.

Жеті орынды шағын автобус 12 оқушы мен бір ересек адамды әкеле жатқанда сенбі күні сағат 9.00-де Гуаннань ауданында 78 метрлік биіктен жарға құлаған.

Жүргізуші, төрт оқушы мен ересек адам сол жерде қайтыс болған

Сегіз адам ауруханаға жеткізілген. Олардың бірі жексенді күні госпитальда көз жұмды.

Ауруханадағы жеті оқушының екеуі ауыр хәлде.

Полиция анықтағандай, апатқа жол ережесінің сақталмауы себеп болған

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны