29.04.2010, 11:14 1659

Қытайда пышақпен қаруланған ер адамның балабақшаға шабуылдауы салдарынан 28 бала мен үш ересек адам жарақаттанды

Қытайда пышақпен қаруланған ер адамның балабақшаға шабуылдауы салдарынан 28 бала мен үш ересек адам жарақаттанды

Алматы. 29 сәуір. Kazakhstan Today - Қытайда пышақпен қаруланған ер адамның балабақшаға шабуылдауы салдарынан 28 бала мен үш ересек адам жарақаттанды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ИТАР-ТАСС-қа сілтеме жасап.

Бұл төтенше оқиға шығыс Цзянсу провинциясының Тайсин қаласында бүгін таңертең болған. Жергілікті үкімет пен полицияның мәліметінше, үш бала қазір ауыр жағдайда ауруханада жатыр. 47 жастағы қылмыскерді полиция қолға түсірді, оның аты-жөні анықталу үстінде.

Еске сала кетейік, кеше тағы да осы тектес оқиға Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясындағы бастауыш мектепте болған. Онда бір оқытушы оқушыларға пышақ ала ұмтылып, 16 оқушы мен бір мұғалім жарақаттанды. Сол күні тағы да Қытайдың шығысындағы Фуцзянь провинциясының Наньпин қаласы бастауыш мектебінің ауласында 23 наурызда сегіз баланы өлтірген ер адамға қатысты өлім жазасы орындалғаны хабарланған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны