21.05.2015, 15:03 3922

Қытайда толассыз жауған жаӊбыр миллиондардыӊ мазасын алды

Қытайда толассыз жауын салдарынан зардап шеккендердіӊ саны 1 миллион адамнан асты. Табиғи апат салдарынан 15 адам қаза тауып, 7-уі із-түзсіз жоғалып кетті

Астана. 21 Мамыр. Kazakhstan Today - Қытайда толассыз жауын салдарынан зардап шеккендердіӊ саны 1 миллион адамнан асты. Табиғи апат салдарынан 15 адам қаза тауып, 7-уі із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Елдіӊ орталығымен қоса, шығыс және оӊтүстік өӊірлерін су басқан. Гуаньчжоу қаласында 220 мыӊ тұрғын үй жарықсыз қалды, деп хабарлайды khabar.kz тілшісі.

Шаһардағы халықаралық Байюнь әуежайында жүздеген әуе рейсі тоқтатылды. Ал Цзянси провинциясыныӊ билік өкілдері қолайсыз ауа райы салдарынан болған шығын көлемі 73 миллион долларға жеткенін мәлімдеді.

Жергілікті синоптиктердіӊ пайымдауынша, демалыс күндері де өӊірде жауын-шашын тыйылмауы әбден мүмкін.

Ал елордамыз Астанада да су басу жағдайы көӊіл көншітіп тұрған жоқ. Бір тәулік ішінде жауынныӊ айлық мөлшері жауып, 12 аумақтағы 27 тұрғын үй кешені су астында қалған болатын.

16 мамырда бастап жауған жаӊбыр әлі де тоқтар емес. Оған қоса бүгін 21 мамырда Астана қаласында солтүстік-батыстан күшті жел соғады деп күтілуде. Жел екпіні 15-20 м/с дейін, кей жерлерде 23 м/с дейін жетуі мүмкін.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны