11.06.2008, 18:27 2832

Қытайда тұратын қазақ диаспорасының өкілдері Астананың мерейтойына қатысуға бет алды

Қытайда тұратын қазақ диаспорасының өкілдері Астананың мерейтойына қатысуға бет алды

Алматы. 11 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қытайда тұратын қазақ диаспорасының өкілдері Астананың мерейтойына қатысуға бет алды, деп хабарлайды Қазақстан Бүгін агенттігінің тілшісі.

Онда тұратын қазақ диаспорасының өкілдері 9 маусымда Қытайдың Құлжа қаласынан атпен шықты. Олар енді Қазақстан аумағы арқылы Қорғастан Астанаға дейін 15 мың шақырымнан астам жерді жүріп өтуге тиіс.

"Алтайдан Атамекенге дейін" деп аталатын бұл шеруді Қазақстанда осымен екі жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан "Керуен" қоғамдық қоры ұйымдастырған. Оны осында тұратын оралмандар құрған. Осы ұйымның күш-жігерінің арқасында қытайлық қазақтар тарихи отанымен қауышты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны