15.01.2010, 15:57 4548

Қытайда жаңа СПИД вирусы табылды

Қытайда жаңа СПИД вирусы табылды

Алматы. 15 қаңтар. Kazakhstan Today - Қытайлық ғалымдар бүгінгі күнге дейін ғылымға белгісіз болып келген жаңа СПИД вирусын тауып, зерттеп жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Чжунго ван" жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі пайымдауға сәйкес, СПИД-тің пайда болуына ВИЧ себепкер деп саналады. Алайда, қытайлық дәрігерлердің пайымдауынша, СПИД-тің түзілуіне әзірге зерттеле қоймаған тағы бір вирус негіз болуда. "СПИД диагнозы қойылған мыңдаған науқастан ВИЧ табылмай отыр", -дейді бір дәрігер.

Олардың айтуынша, ВИЧ-тің мутацияға ұшыраған болуы мүмкін жаңа түрі жыныстық қатынастардан кейінгіден гөрі, түкірік арқылы берілген кезде аса жоғары агрессивтілік танытуда. Жаңа вирустың зерттеулері 11 қаңтарда басталған. Оның нәтижелері қашан жарияланатыны белгісіз.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны