15.04.2010, 10:55 2900

Қытайда жер сілкінісі құрбандарының саны 617 адамға жетті

Қытайда жер сілкінісі құрбандарының саны 617 адамға жетті

Алматы. 15 сәуір. Kazakhstan Today - Қытайдың солтүстік батысындағы Цинхай провинциясының Юйшу уезінде болған жер сілкінісі құрбандарының саны 617 адамға жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Синьхуа" агенттігіне сілтеме жасап.

Зілзала зардаптарын жою жөніндегі штабтың хабарлауынша, таңертеңгі сағат 9.00-дегі жағдаймен кеше Цинхай провинциясының Юйшу уезінде болған жер сілкінісі құрбандарының саны 617 адамға жетті. 313 адам хабар-ошарсыз кеткендер санатында.

Сондай-ақ, 9110 адам жарақаттанған, олардың ішінде 970 адамның жағдайы ауыр.

Қазір құтқару операциясы одан әрі жалғасуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны