23.04.2013, 09:34 3230

Қытайда жер сілкінісінен мерт болғандардың саны 192-ге жетті, 12 мыңға жуық адам жарақаттанған

Қытай провинциясы Сычуаньдағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 192 адамға жетті, 23 тұрғын хабар-ошарсыз кеткен.

Астана. 23-сәуір. Kazakhstan Today - Қытайда жер сілкінісінен мерт болғандардың саны 192-ге жетті, 12 мыңға жуық адам жарақаттанған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қытай провинциясы Сычуаньдағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 192 адамға жетті, 23 тұрғын хабар-ошарсыз кеткен.

12 мыңға жуығы жарақаттанса, олардың ішінде бір мың адамның жағдайы тым мүшкіл. Бұл туралы жергілікті билік өкілдері хабарлайды.

Жаңбыр және жалғасқан жер дүмпулерінің салдарынан апат ауданында бірнеше мәрте көшкін жүрді. Бұл апат аймағында қалған жергілікті 1,72 млн. тұрғынға көмектесуге және іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге қиындық келтіріп отыр.

Сычуань провинциясында болған зілзалаға байланысты халықаралық қоғамдастық үкімет пен халыққа өздерінің көңілдерін білдіріп, қолдау көрсетуде. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады.

ҚХР басшысы дүйсенбі күні түрлі мемлекеттердің үкіметтері мен халқына, халықаралық ұйымдарға қолдаулары үшін алғысын білдірді.

"Егер көмек қажет болса, біз міндетті түрде өзге мемлекеттерге жүгінеміз", - деп атап өтті Цинь Ган.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны