13.08.2015, 20:15 3610

Қытайдағы жарылыс салдарынан қаза тапқандардыӊ саны 50 адамға жетті

Тяньцзинь қаласындағы қауіпті заттар болған қоймадағы жарылыс салдарынан мерт болған және жапа шеккендердіӊ саны артуда: қазір 50 адамныӊ қаза тапқаны және 701 адамныӊ жарақаттанғаны (олардыӊ 71-ніӊ жағдайы ауыр), тағы 21 із-түзсіз жоғалды деп есептелетіні белгілі

Астана. 13 Тамыз. Kazakhstan Today - Тяньцзинь қаласындағы қауіпті заттар болған қоймадағы жарылыс салдарынан мерт болған және жапа шеккендердіӊ саны артуда: қазір 50 адамныӊ қаза тапқаны және 701 адамныӊ жарақаттанғаны (олардыӊ 71-ніӊ жағдайы ауыр), тағы 21 із-түзсіз жоғалды деп есептелетіні белгілі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сәрсенбі күні Биньхай ауданында Ruihai Logistics логистикалық компания қоймасында жергілікті уақытпен сағат 23.30 арасы 30 секундтай болатын екі жарылыс орын алған. Жарылыстыӊ күшті болғаны соншалық, оны тіпті жергілікті сейсмологиялық қызмет тіркеген. Олардыӊ қуаттылығы тротил эквивалентінде 3 және 21 тоннаны құрады. Жарылыстан кейін өрт шықты. БАҚ мәліметтеріне қарағанда оныӊ аумағы шамамен 20 мыӊ шаршы метрді құрады. Төтенше жағдай себебі әзірге белгісіз, алайда БАҚ-тыӊ хабарлауынша, оған Ruihai Logistics логистикалық компаниясыныӊ қауіпсіздік жүйесіндегі олқылықтар себеп болуы мүмкін. Оныӊ бастығы ұсталды, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Тяньцзиньдегі жарылыс құрбандарыныӊ саны 50 адамға жетті", - делінген Синьхуа агенттігініӊ хабарламасында. Осыған дейін агенттік билікке сілтеме жасап, кем дегенде 21 адам із-түзсіз жоғалды деп есептелетінін хабарлаған. Олардыӊ ішінде өрт сөндірушілер де бар.

CCTV телеарнасыныӊ хабарлауынша, жапа шеккендердіӊ көбі компания маӊындағы үйлердіӊ тұрғындары. Жапа шеккендердіӊ ішінде оқиға орны маӊында көлікте болғандар да бар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны