15.07.2008, 18:52 1655

Қытайдағы жер сілкінісі 1,4 млн адамды кедейлік шегінен тысқары қалдырды

Қытайдағы жер сілкінісі 1,4 млн адамды кедейлік шегінен тысқары қалдырды

Алматы. 15 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қытайдың сычуань провинциясындағы жер сілкінісі шалғайда жатқан 4 мың ауылда 1,4 млн адамды кедейлік шегінен тысқары қалдырды. Бұл туралы ҚХР Мемлекеттік кеңесінің жанындағы даму және кедейлікпен күрес жөніндегі жетекші топ департаментінің директоры Сюй Хуэй мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі "China Daily" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

С. Хуэйдің айтуынша, орта есеппен әрбір ауыл баспана, инфрақұрылым мен негізгі қызметтерді қалпына келтіруге 3 млн юань ($438 мың ) көлемінде инвестиция жұмсауды талап етеді. Бұл дегеніміз, үкімет Сычуань, Ганьсу және Шэньси провинцияларының ауыл тұрғындарының басты сұранысын қанағаттандыру үшін үш жылдың ішінде кем дегенде 12 млрд юань бөлуге тиіс деген сөз.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны