24.03.2011, 12:01 4298

Қытайдың шығысын қалың қар басып қалды

Қытайдың шығысын қалың қар басып қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Хабар агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Алматы. 24 - наурыз. Kazakhstan Today - Қытайдың шығысын қалың қар басып қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Хабар агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Агенттіктің хабарлауынша, Қытайдың шығысының басым бөлігіне көктем келсе де, қыстың қаһары әлі басылмай отыр.

Елдің орталығындағы Сычуань аймағында қалың қар жауды. Мұнда 4 сағатта 22 сантиметр қар жауған. Кенет жауған қардан орман және ауыл шаруашылығы зардап шегіп отыр. Мәселен, Волун ауданында 240 мыңнан астам бамбук ағашы жойылып кетуі қаупі бар. Бұл 2100 гектар орман алқабы.

Қытай ақпарат құралдарының хабарлауынша, көктемгі қар бұл аймақта соңғы 20 жылда болмаған құбылыс екен. Қар жаууы Чуньцин аймағының таулы аудандарында да байқалып, температура 2 градус суықты көрсетті. жазық жерде жаңбыр жауып, ауа темпертурасы 6 градус жылылыққа дейін төмендеген. Бұл аймақ осыдан бір ай бұрын құрғақшылықты бастан кешірген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны