04.08.2008, 13:33 1235

Қытайдың Шыңжан -ұйғыр автономиялық аймағында бір топ содыр шекара заставасына шабуыл жасады

Қытайдың Шыңжан -ұйғыр автономиялық аймағында бір топ содыр шекара заставасына шабуыл жасады

Алматы. 4 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қытайдың Шыңжан -ұйғыр автономиялық аймағында бір топ содыр шекара заставасына шабуыл жасады, деп хабарлайды агенттік тілшісі РБК агенттігіне сілтеме жасап. Шабуыл салдарынан тәртіп сақшылары арасында құрбан болғандар бар.

Associated Press ақпаратына сәйкес, оқиға Қырғызстанмен шекарадағы Каши ауданында болған. Жүк көлігіне мінген содырлар шекаралық застава ғимаратына басып кіріп, ол жерге гранаталар лақтырған. Алдын-ала мәліметке сәйкес, 16 полиция офицері қаза тауып, тағы 16 адам жараланған. Шабуылшылар арасындағы шығын жайлы ақпарат жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны