07.07.2009, 14:55 3326

Қытайдың Шыңжан-Ұйғыр автономиялық аймағында жаппай тәртіпсіздіктер одан әрі жалғасуда, ереуілшілер қақтығыстар барысында тұтқындалған туыстарын босатуды талап етуде

Қытайдың Шыңжан-Ұйғыр автономиялық аймағында жаппай тәртіпсіздіктер одан әрі жалғасуда, ереуілшілер қақтығыстар барысында тұтқындалған туыстарын босатуды талап етуде

Алматы. 7 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қытайдың Шыңжан-Ұйғыр автономиялық аймағында жаппай тәртіпсіздіктер одан әрі жалғасуда, ереуілшілер жексенбі күнгі қақтығыстар барысында тұтқындалған туыстарын босатуды талап етуде, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі BBC орыс қызметіне сілтеме жасап.

BBC ақпаратына сәйкес, "Қытайдың Шыңжан провинциясында қақтығыстар өрши түсуде, полиция Үрімжі қаласында тәртіпті қалпына келтіруге тырысуда. Ереуілшілер биліктен жексенбі күнгі қақтығыстар барысында тұтқындалған туыстарын босатуды талап етуде".

"Таяқтармен және пышақтармен қаруланған жүздеген хань текті қытайлықтар Үрімжімен жүріп өтті. Хань тектілер ұйғырларға тиесілі дүкендерді қиратуда. Қытайдың құқық қорғау органдары көзден жас ағызатын газды пайдалануда. Ал оның алдында Үрімжі көшелеріне ұйғырлар шыққан болатын", - деп жазады ВВС.

Сондай-ақ, корпорацияның хабарлауынша, "дүйсенбі күні құқық қорғау органдары осы провинцияның Қашғар қаласында да жаппай толқуларды басқан. Полицейлер Қашғардың басты мешітінің жанында жиналған 200 жуық ереуілшіні қуып тықты".

"Белгілі мәліметтерге сәйкес, жаппай тәртіпсіздіктерге маусым айында Қытайдың оңтүстігінде қытайлар мен ұйғырлар арасындағы қуатты қақтығыстар себеп болған", -делінген хабарламада.

Қытайдағы Би-би-си тілшісінің хабарлауынша, "негізінен мұсылмандар тұратын Шыңжан провинциясы көп жылдан бері күрделі жағдайдың қайнар көзіне айналып отыр. Мұнда 8 млн жуық ұйғырлар тұрады, олардың біраз бөлігі тәуелсіздік алуды көксеуде".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны