08.07.2009, 13:46 1446

Қытайдың солтүстік батысындағы Үрімжі қаласына әскер енгізілді

Қытайдың солтүстік батысындағы Үрімжі қаласына әскер енгізілді

Алматы. 8 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қытайдың солтүстік батысындағы Үрімжі қаласына мұсылман -ұйғырлар мен хань тектілердің арасындағы қақтығыстарға байланысты әскер енгізілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі NEWSru ақпаратық ресурсына сілтеме жасап.

"Қала көшелерінде найзалы бесатарлары бар әскерилер пайда болды. Қаланың орталық бөлігінің басты жолында арнаулы бөлімшелердің мыңдаған тәртіп сақшылары сап түзеді. Шлем киіп, қалқан ұстаған олардың артында әскерлер колоннасы тұр. Полиция мен армия бөлімшелері Үрімжінің оңтүстігіндегі ұйғыр аудандарының шекарасында орын тепкен. Қала көшелерінде жүрген жүк көліктерінен адамдарды үйді-үйлеріне тарауға шақырған үндеулер айтылуда", -деп хабарлайды NEWSru.

Би-би-си ақпаратына сәйкес, ұйғырлардың қарсылықтарына жауап ретінде хань ұлтты жүздеген қытайлықтар таяқ және пышақтармен қаруланып, Үрімжі көшелерімен жүріп өтті.

"Қауіпсіздік күштері мұсылман -ұйғырлардың қарсылығын қолдап шыққан ереуілшілерді қуып тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданды, Үрімжіде коменданттық сағат енгізді", - деп хабарлайды Би-би-си.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны