28.07.2008, 11:34 1569

Қытайдың жер сілкінісінен зардап шеккен аудандарын қалпына келтіруге $33 млн қаржы қажет - БҰҰ

Қытайдың жер сілкінісінен зардап шеккен аудандарын қалпына келтіруге $33 млн қаржы қажет - БҰҰ

Алматы. 28 шілде. "Қазақстан Бүгін" - БҰҰ-ның бас пәтерінде жұма күні донор елдерге арнап Қытайдың мамыр айындағы жер сілкінісінен зардап шеккен аудандарын қалпына келтіруге $33 млн қаржы қажеттігі жөнінде үндеу жарияланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасап.

БҰҰ Даму бағдарламасының әкімшісі Кемаль Дервиш өз сөзінде БҰҰ төтенше жағдайларға жауап қату жөніндегі орталық қорынан $8 млн бөлгенін, ал басқа көздерден $9 млн түскенін жеткізді. Қаржы зардап шеккендердің тіршілік етуі, денсаулығы, азық-түлігі мен басқа да өмірлік маңызы бар сұраныстарына пайдаланылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны