14.04.2017, 20:27 7086

Қыздар университетініӊ студенттері "Ұлттық үрдісте киінейік! Наурызды ұлықтайық!" акциясына бірікті

Алғашқылардыӊ бірі болып бұл бастамаға "Қыз Жібек" клубыныӊ қыздары қолдау көрсетті. "Ұлтыӊды тәрбиелеймін десеӊ, қызыӊды тәрбиеле" деген идеямен 2012 жылы ашылған клуб ұдайы қыздарды ұлттық дәстүрлер мен төл дүниетаным аясында тәрбиелеуге, ұлтжанды, парасатты шынайы "Қыз Жібек" келбетін қалыптастыруға, халықтық асыл мұраларын ұлықтауға үлкен үлесін қосып, ұлттық салт-дәстүр мен мәдениетті дәріптеп келеді.

Алматы. 14 сәуір. Kazakhstan Today - Жуырда елімізге танымал, бұқаралық ақпарат айдынында ерекше орны бар "Айқын" республикалық қоғамдық-саяси газеті ұлттық киімді д?ріптеуге арналған акция бастап, барша қауымды акцияны қолдауға шақырған болатын. Акцияға Қыздар университетініӊ студенттері де қолдау білдіріп, "Ұлттық үрдісте киінейік! Наурызды ұлықтайық!" деген ұстаныммен қазақы нақышта киініп, ұлттық киімді дәріптеуге өз үлестерін қосуда.

Алғашқылардыӊ бірі болып бұл бастамаға "Қыз Жібек" клубыныӊ қыздары қолдау көрсетті. "Ұлтыӊды тәрбиелеймін десеӊ, қызыӊды тәрбиеле" деген идеямен 2012 жылы ашылған клуб ұдайы қыздарды ұлттық дәстүрлер мен төл дүниетаным аясында тәрбиелеуге, ұлтжанды, парасатты шынайы "Қыз Жібек" келбетін қалыптастыруға, халықтық асыл мұраларын ұлықтауға үлкен үлесін қосып, ұлттық салт-дәстүр мен мәдениетті дәріптеп келеді.

"Қазақы нақыштағы киімдерді заманауи стильге сай киіну қазіргі таӊда, әсіресе қыз-келіншектер арасында сәнге айналып келеді. Арнайы қазақы киімдерді сатып алуыӊызға немесе өз қолыӊыздан даярлауға да болады. Университет студенттері арасында күнделікті киім сыртынан қазақы камзолды киіп жүруді әдетке айналдырған қыздар өте көп. Ару қыздар қазірден ұлттық бейнемізді бірізді етуге білек сыбана кірісіп кетті. Заман ағымына сай өз келбеттерін қалыптастырып, қазақылығын кем дегенде минималды түрде нақышқа келтіріліп жасалған шолпы, алқа, сырға, кәжекей, кеудешелермен, ұлттық бейнемізді аша түсетін әшекей бұйымдармен айшықтай түсуде. Наурыз мерекесінде, не осы бір айлық акцияда ғана емес, алдағы уақытта да жоғары оқу орындарыныӊ студенттері, мектеп ұстаздары, тәрбиешілер аздап болса да ұлттық үрдісті қалыптастыратын киім кисе, оны көрген жастардыӊ да көзқарасы өзгерер еді. Ұлттыӊ ұрпағын тәрбиелейтін қыздардыӊ сырт келбетініӊ мәніне өнегелік тұрғыдан қарағаны дұрыс. Ұлтымыздыӊ құндылықтарын бірге дәріптеп, ұлттық қазынамыздыӊ қадіріне жете білейік! Ұлттық нақышта киініп жүру, оны сәнге айналдыру, салт-дәстүрімізді дәріптеу біздіӊ қолымызда", дейді "Қыз Жібек" клубыныӊ төрайымы Қазына Яхудаева.

Белгілі ұлт жанашырларыныӊ бастамасына "Қыз Жібек" клубынан кейін оқу орныныӊ Ғылыми кітапхана ұжымы мен қыздарға ұлттық салт-дәстүр, қолөнерді: ши, гобелен, кілем тоқу, кесте тігу, тоқыма тоқу, түрлі ұлттық киімдер үлгісін тігуді үйрететін "Кәсіптік білім" кафедрасыныӊ ұстаздары қуана жалғастырды.

"Киім дизайнерлерін, қолданбалы және көркем сәндік өндірісі мамандануы бойынша кәсіптік білім педагогы мамандарын дайындайтын, ата-бабадан қалған бай мұрамыз, ұлттық қолөнерімізді қыздарға үйретуден жалықпай келе жатқан кафедра бұл бастаманы естігенде, бір ауыздан қолдады. Еӊсемізді көтеріп, етек-жеӊімізді жиып еӊселі ел болдық. Өзгенікін кимей, өз киімімізді киетін және ұлттық киімдерімізді дәріптейтін уақыт жеткен сияқты. Қазіргі кезде біздіӊ ұлттық нақыштағы киімдер қайта сәнге айналып келе жатқандығы қуантады. Заманауи үлгіде түрлі-түрлі әдемі көйлектерімізді қазақстандық дизайнерлеріміз тігіп, әлемді таӊ қалдыруда. Олардыӊ ізін басып келе жатқан Қыздар университетініӊ қолөнер шеберлері, тігінші, дизайнер болам деген студенттері де бүгінгі заманға сай әдемі, күнделікті өмірде киетін қазақы көйлектерді тігіп, қазіргі таӊда түрлі байқаулардыӊ жеӊімпаздары атануда. Атадан қалған мұра ұлттық киімімізді, ұлттық мерекемізді біз дәріптеп, мақтанышпен көрсетпесек, өзге ұлт оны насихаттамайды. Сондықтан, өзіміз бірінші дәріптеп, қазақы нақышта киінейік!", дейді п.ғ.к., "Кәсіптік білім" кафедрасыныӊ меӊгерушісі Рахия Дәрменова.

Бір ай бойы өтетін аталмыш акцияға оқу орынныӊ студенттерімен қатар, барша қызметкерлері де қолдау білдірмек ниетте.

Игі бастамаға елімізге белгілі этнограф-ғалым, Қазақ ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүр академиясыныӊ академигі Ғалия Қайдауылқызы да өз пікірін білдірді.

- "Бұл акция өтетін де кететін, болмаса бір сән көрсету, қыр көрсету, не болмаса біз осындаймыз деу үшін емес, бұл өмірдіӊ салты, өмірдіӊ мәні болуы тиіс. Өйткені, киім деген адамзат адамзат болғалы бері адамныӊ адамдық келбетін қалыптастыратын, әрбір ұлт пен ұлыстыӊ арғы тегін, бергі талғамын, танымын үйлестіретін, соны басқа жұртқа танытатын жай ғана бозбүршік емес, халықтыӊ жан дүниесі, өмірлік ұстанымы және сол халықтыӊ өзіне ғане тән бет-келбетін айқындайтын белгісі болған. Бізде әлі де болса салқыны басылмаған, айбыны қайтпаған, Кеӊестік дәуірдегі өмір салтымен келеміз. Біз айта береміз, айта бергеннен, өзіӊніӊ тегіӊе, тамырыӊа бері қарай қайта берген дұрыс. Киіне білу деген денеӊді, тәнді ғана жабу емес, өзіӊніӊ бір өнегеніӊ бір саласы болуы керек. Не нәрсе болса да алғашқы қадамнан, ұмтылысынан, ниеттен басталады ғой. Ниет-пиғылыӊ дұрыс болса, өзі әрі қарай бір жолға түседі. Еӊ бастысы, бастайық! Бастайық та, тастайық болмасын! Идемілік, әрлілік тек ою-өрнекке байланысты емес. Сол нақыштыӊ астарына байланысты. Өз қолымыз өз аузымызға жеткенде, етек жеӊімізді жиған сәт туғанда кезде біздіӊ міндетіміз, барымыздан айырылып қалу емес, біздіӊ миссиямыз осы уақытқа жеткен мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді сақтау және арқалаған аманатымызды өзімізден кейінгі ұрпаққа аманат етіп табыстауымыз қажет. "Аманат-аманатқа жасама қиянат" деген аталы сөз бар. Оюда тұрған ештеме жоқ. Еӊ бастасы қыздарымыз, жастарымыз, өсіп келе жатқан жас ұрпақ өз төл мәдениеті мен салт дәстүрін құрметтеп, ұлттық құндылықтарды сақтап, бізде де бар мінекей, біз осындай ұлттық дүниені алып жүре аламыз деп, жан дүниесімін түйсінуі керек. Дәстүр басталғаны өте құба-құп. Кішкентай болса да шаштай талшыққа ілінген, соныӊ бір сұлбасын үзбей, алып келе жатқан жол бар бізде. Сол сүрлеуді сара жолға салу, сара жолды дара жолға салу сіз бен біздіӊ міндетіміз. Бұл акция өнегеніӊ бастауы болуы керек. Сол акцияныӊ салт-дәстүрге сай киіну, әр қазақтыӊ мақтанышына айналса, оныӊ бастауында бірегей қара шаӊырақ Қыздар университеті тұрса, тек қана бір университеттіӊ емес, қазақ қыздарыныӊ дәреже-деӊгейі өскендігі деп ойлаймын. Тарихы тереӊге бойлаған, сұрапыл соғыс, қиын кезеӊдерде ашылған, қазақтыӊ даналығынан, қазақтыӊ арда азаматтарыныӊ қазақтыӊ қыздарына деген үміті мен сенімінен туған қара шаӊырақтыӊ ұлттық құндылықтарға мән беріп отырғандығы қуантады", деді Ғ.Қайдауылқызы.

Қазақ қыз баланы тек шаӊырақтыӊ шырақшысы ғана емес, ұлттыӊ келбеті деп білген. Осы аталы сөзді әрдайым есте ұстаған Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті қыз тәрбиесіне ерекше мән беріп келеді. Өйткені мұнда оқитын студенттерініӊ дені - қазақ қыздары. "Ұлт діӊгегініӊ беріктігі ұлттық тәрбиеде жатқандығын" түсінетін, "Ұрпақты тәрбиелейтін де, қоғамды қалыптастыратын да аналар" деп білетін Қыздар университеті студент қыздарға заманауи білім берумен қатар, адамгершілік, имандылық, парасаттылық, елжандылық, ұлттық тәрбие мен отбасылық құндылықтарды жастардыӊ бойына сіӊіріп келеді.

Университет қабырғасында "Қыз қылығы", "Бұлбұл қыздар", "Шебер қыздар", "Назқоӊыр", "Ізденіс", "Інжу-маржан", "Үміт" және т.б. үйірмелер жұмыс жасайды. Студенттердіӊ мәдени танымын жетілдіруге бағытталған түрлі кештер университет көлемінде, факультет аясында және топ ішінде жүйелі түрде жүргізіледі. "Өмірі үлгі жастарға" атты жоба аясында елімізге белгілі тұлғалармен, өнер, қоғам қайраткерлерімен, көрнекті ғалымдармен, белгілі ақын-жазушылармен кездесу кештері өткізіліп тұрады. Мұнда сонымен қатар, "Қазақ аруы" арнайы курсы жүргізіледі. Курс жаһандану үдерісінде ұлттық мүддені жоғары қоя отырып, салт-дәстүрді бағалайтын, этномәдениетті, мінез-құлқы мен санасы ұлттық ділмен ұштасқан, кәсіптік-педагогикалық имиджі қалыптасқан зиялы әйел тәрбиелеуге бағытталған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны