18.07.2013, 12:03 3639

Қызғаныштан әйелін өлгенше сабаған

Павлодар облысының Ақсу қаласында полиция жедел қызметшілері қызғаныштан әйелін өлтірген 35 жастағы ер адамды құрықтады.

Астана. 18-шілде. Kazakhstan Today - Қызғаныштан әйелін өлгенше сабаған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Павлодар облысының Ақсу қаласында полиция жедел қызметшілері қызғаныштан әйелін өлтірген 35 жастағы ер адамды құрықтады.

25 жастағы әйелдің мәйіті Ақсу қаласының жанында Үштерек ауылының маңындағы даладан табылған. Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігінде өткен брифинг барысында ведомствоның ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді.

"Осы қылмысты жасаған деген күдікпен полиция қызметкерлері марқұм әйелдің жекеменшік фирмада күзетші болып қызмет атқаратын "азаматтық күйеуін" қолға түсірді. Ол оқиға болар күні жұбайын қызғанып, соның әсерінен жанжал туындаған, сосын әйелге күш жұмсаған. Алған ауыр жарақат салдарынан жәбірленуші әйел сол жерде көз жұмған", - дейді Н. Ораз. Оның айтуына қарағанда, жасаған қылмысын жасырып қалу мақсатында күдікті әйелдің денесін қала сыртына апарып, көміп кеткен.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды", - деп хабарлады ҚазАқпарат

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны