22.04.2010, 15:48 2997

Қызыл алаңдағы Жеңіс шеруіне төрт шетелдік және жеті ТМД елінің әскери делегациялары қатысады

Қызыл алаңдағы Жеңіс шеруіне төрт шетелдік және жеті ТМД елінің әскери делегациялары қатысады

Алматы. 22 сәуір. Kazakhstan Today - Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі Қызыл алаңда 9 мамырда өтетін Жеңіс шеруіне өз қатысушыларын жіберетін елдердің тізімін жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today Аргументы.ру газетіне сілтеме жасап.

"Қызыл алаңдағы салтанатты Жеңіс шеруіне Ұлыбритания, АҚШ, Франция және Польшаның әскери делегациялары қатысады. Бұрынғы КСРО республикаларынан Изербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан Тәжікстан мен Украина өкілдері қатысады", - деп жазады газет.

Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі өкілінің хабарлауынша, "экономикалық себептерге сілтеме жасап" Молдова шеруге қатысудан бас тартты. Өзбекстан да түпкілікті шешім қабылдаған жоқ.

Ал Түрікменстан Қызыл алаңда 9 мамырда өтетін Жеңіс шеруіне "өзінің әскери бөлімшесінің командиріне атпен жүріп өтуге рұқсат берілген жағдайда қатысуға" өтініш айтқан. Сөйтіп, Түрікменстан әскерилерінің қолбасшысына ахалтеке тұқымындағы сәйгүлікпен Қызыл алаңға шығуға рұқсат берілді.

Шетелдік қатысушылар елдің мемлекеттік туын алып жүретін үш адамнан құралған құрамалық топпен, оған қосымша үш адам мен 64 әскериден тұратын шеру тобымен Мәскеуге келмекші.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны