10.02.2011, 13:19 3951

Қызылағаш аулында болған су тасқынына қатысты іс бойынша 4 шенеунік сотталды

Қызылағаш аулында болған су тасқынына қатысты іс бойынша 4 шенеунік сотталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 10 - ақпан. Kazakhstan Today - Қызылағаш аулында болған су тасқынына қатысты іс бойынша 4 шенеунік сотталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, кеше су тасқынынан кейін қалпына келтірілген Қызылағаш ауылында қайғылы оқиғаға кінәлі адамдарға қатысты сот үкімі шығарылған.

Талдықорған әскери гарнизонының соты Дамир Ахтямов "Қызылағаш" табиғатты пайдаланушылар әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы басқармасының төрағасы Қуаныш Бекеевті ҚР Қылмыстық кодексінің 232- бабы бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырды, ол 3 жыл кәсіпкерлік қызметпен айналыса алмайды.

"Қызылағаш" табиғатты пайдаланушылар әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы басқармасының атқарушы директоры Мұхит Жүнісов ҚР қылмыстық кодексінің 232-бабы бойынша 3 жылға дейін кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан шектеліп, 5 жылға абақтыда жазасын өтейтін болды.

Сондай-ақ, Қызылағаш ауылының әкімі Есет Жүнісов 316-баптың 2-тармағы бойынша 5 жылға бас бостандығынан және 3 жылға дейін кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылып, абақтыға жабылды.

Ақсу ауданының төтенше жағдайлар қызметінің бастығы Күнібек Байзақов 316-баптың 2-тармағы бойынша кінәлі деп табылып, 2 жыл шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Ақсу ауданы әкімінің орынбасары Берік Тынышбаев пен Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Евгений Енин кінәсіз деп табылып, айыптары дәлелденбегеніктен сот залында босатылды.

Бұрын хабарлағанымыздай, жергілікті тұрғындар мемлекеттік айыптаушылардың қызылағаш оқиғасына кінәлілерге өте жұмсақтықпен қатынасып отырғандығына наразылықтарын білдірген болатын.

Естеріңізге сала кетсек, су тасқынынан кейін қираған үйлердің орнына мемлекет тарапынан салынған жаңа үйлер сапасыз салығандығы туралы хабарланған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны