27.10.2010, 14:52 4367

Қызылағашта су тасқынынан кейін салынған үйлер қирай бастады

Қызылағашта су тасқынынан кейін салынған үйлер қирай бастады

Алматы. 27 - қазан. Kazakhstan Today - Алматы облысының Қызылағаш аулында болған су тасқынынан кейін мемлекет қаржысына салынған үйлер қирай бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасай отырып.

Естеріңізге сала кетсек, 2010 жылдың 12-наурызына қараған түні Қызылағаштағы су тоғанның бөгені жарылған болатын. Ресми мәліметтерге сүйенсек, су тасқынының салдарынан 45 адам көз жұмып, ауыл түгелдей қиғараған болатын.

Телеарнаның хабарлауынша, жаңа салынған үйлердің қабырғалары осы күннің өзінде жарылып кеткен. Ал шатырларынан су тамшылап тұр. Ахуалды күзгі нөсер жабыр одан әрі ушықтыра түскен.

"Құрылысшылар, бригадирлер не салғандарын өздері келіп көрсін. Жөндеу жұмыстарын жасасын. Төбеден су тамшылап тұр. Екі жерден леген қойып қойдық. Бұл легендерді қашанғы қойып қоямыз. Су қабырғадан аға бастағанда-ақ үйдің іші ылғалданып кетті. Кешікпен бұл қабырғалар құлайды",- деп мәлім етті ауыл тұрғыны Бақыт Бекшетаева.

Телекөрсетілімде Қызылағаштағы үйлерді 40-тан астам фирмалардың салғандығы көрсетілген. Жаңа салынған құрылысты облыстық құрылыс департаментінің шенеуніктері қабылдап алған. Бірақ, мемлекеттік қызметкерлер құрылыстағы ақаулар туралы ақпаратты растамай отыр. "Мен құрылыстың қирап жатқандығы туралы ақпараттан беймәліммін",- деп мәлім етті Облыстық құрылыс департаменті бастығының қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары Елена Шадская.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны