11.06.2008, 11:30 2255

Қызылорда әкімі қызметіне Мұрат Ергешбаев тағайындалды

Қызылорда әкімі қызметіне Мұрат Ергешбаев тағайындалды

Қызылорда. 11 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда әкімі қызметіне Мұрат Ергешбаев тағайындалды. Қалалық мәслихат депутаттарымен келісілген бұл тағайындау кеше жасалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Кеше облыс әкімі Болатбек Қуандықов Қызылорда қаласының атқамінерлеріне жаңа қала басшысын таныстырды", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "М. Ергешбаев 1966 жылы туған. Алматы халықшаруашылығы институтын, ҚР президентінің жанындағы мемлекеттік басқару жөніндегі ұлттық жоғарғы мектебін экономист, мемлекеттік қызмет менеджері мамандығы бойынша бітірген".

"М.Ергешбаев 2006 жылдан кешегі күнге дейін ҚР ТЖМ "Өрт сөндіруші" АҚ-ның экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті болып істеді", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны