14.03.2017, 20:57 4755

Қызылорда халқы биылғы Наурыз мейрамын ерекше тойламақ

14-22 наурыз аралығындағы әр күнге айшықты басымдық беріліп, түрлі әлеуметтік-мәдени шаралар жаӊа сипатта атқарылғалы жатыр. Мереке кезінде орталық алаӊда 30-ға жуық киіз үй тігіледі деп жоспарлануда.

Қызылорда. 14 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақылықтыӊ қаймағы бұзылмаған Қызылорда халқы биылғы Наурыз мейрамын ерекше тойламақ. Қала басшылары мерекелік шаралардыӊ жоспарын бекітіп те қойған. 14-22 наурыз аралығындағы әр күнге айшықты басымдық беріліп, түрлі әлеуметтік-мәдени шаралар жаӊа сипатта атқарылғалы жатыр. Мереке кезінде орталық алаӊда 30-ға жуық киіз үй тігіледі деп жоспарлануда.

Бекітілген 9 тақырыптық бағыттар бойынша 14 наурыздан бастап қалаға қарасты кент, ауылдық округтерде 100-ге жуық мерекелік шара өткізіледі. 22-наурыз күні алаӊда ұлттық ойын түрлерінен жарыстар, қолөнер шеберлері мен "ЭКСПО-2017" көрмелері ұйымдастырылады.

16 наурызға "Жан шуағы", "Көктем мейірімі" атауы беріліп, Қарттар үйінде, облыстық балалар ауруханасында қайырымдылық шаралары ұйымдастырылады.

- Мереке күні орталық алаӊға 14 тайқазан қойылып, 14 келіншек наурыз көже әзірлейді. Сондай-ақ, 7 балаға "Айдар кесу рәсімі" жасалады. Биылғы "НАУРЫЗ-2017" мерекесініӊ басты ерекшеліктерініӊ бірі Халықаралық Түркісой ұйымыныӊ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов бастаған қаламызға 40-қа жуық дәстүрлі өнер өкілдерініӊ делегациясы келеді. Делегация құрамындағы Түркітілдес елдер өкілдері мен жергілікті өнерпаздар ұлттық-этнографиялық тақырыптағы концерттік бағдарламасын халыққа ұсынады деп күтілуде, - дейді қала әкімініӊ орынбасары Шахмардан Байманов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны