19.04.2017, 16:13 4295

Қызылорда қалалық әкімдігінде Президент Н.Назарбаевтыӊ бағдарламалық мақаласын талқылау және насихаттау бойынша идеологиялық актив отырысы өтті

-Латын әліпбиіне көшудіӊ тіліміз үшін пайдасы мол. Еӊ алдымен тіл әуезділігін сақтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, терминология жүйесін біріздендіруге де берері көп. Қазірдіӊ өзінде тіл мамандары тарапынан сан түрлі пікір айтылуда. Сонымен бірге, бұл көп қаржыны талап ететін жұмыс. Дегенмен, біз тілдіӊ болашақ жағдайын да ойлауымыз қажет, - деді ғалым.

Қызылорда. 19 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда қалалық әкімдігінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.И.Назарбаевтыӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" мақаласын талқылау, насихаттау бойынша қаланыӊ идеологиялық актив отырысы өтті.

Актив отырысында 4 қатысушы хабарлама жасап, филология ғылымдарыныӊ докторы, профессор Жеӊіс Сәдуақасұлы латын әліпбиіне көшудіӊ логикасы бойынша пікір білдірді.

-Латын әліпбиіне көшудіӊ тіліміз үшін пайдасы мол. Еӊ алдымен тіл әуезділігін сақтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, терминология жүйесін біріздендіруге де берері көп. Қазірдіӊ өзінде тіл мамандары тарапынан сан түрлі пікір айтылуда. Сонымен бірге, бұл көп қаржыны талап ететін жұмыс. Дегенмен, біз тілдіӊ болашақ жағдайын да ойлауымыз қажет, - деді ғалым.

Хабарламашылар тарапынан мақала туралы жалпы түсінік беріліп, ұлттық сана, ұлттық кодты сақтау, прагматизм қағидасы оныӊ ішінде ысырапшылдық пен астамшылдық, ұлттық бірегейлік негіздері туралы сөз қозғалды.

Актив қорытындысында Қызылорда қаласыныӊ әкімі Н.Нәлібаев мақаланы ақпараттық-насихаттау мен Елбасы айқындаған міндеттерді жүзеге асырудыӊ арнайы іс-шара жоспарын әзірлеп, сапалы орындалуын үйлестіру, кент, ауылдық округ әкімдері жергілікті жерде мақаланы насихаттау, түсіндіру бойынша актив отырыстары мен арнайы кездесулер өткізу, жергілікті өкілді орган мен ардагерлер кеӊесі, жастар ұйымдарыныӊ белсенді ат салысуы жайлы ұсыным енгізді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны