11.04.2017, 18:03 5073

Қызылорда қалалық ауыл шаруашылығы бөлімініӊ басшысы тағайындалды

Қызылорда қаласы әкімініӊ 2017 жылғы 6 сәуірдегі №408 өкімімен Сейілов Медет Есдәулетұлы қалалық ауыл шаруашылығы бөлімініӊ басшысы қызметіне тағайындалды.

Қызылорда. 11 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда қаласы әкімініӊ 2017 жылғы 6 сәуірдегі №408 өкімімен Сейілов Медет Есдәулетұлы қалалық ауыл шаруашылығы бөлімініӊ басшысы қызметіне тағайындалды.

Медет Есдәулетұлы, 1982 жылы 7 қарашада Қызылорда облысы, Жаӊақорған ауданында дүниеге келген. Жоғары білімді.

2003 жылы М. Иуезов атындағы Оӊтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін "Заӊгер", 2013 жылы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша бітірген.

Еӊбек жолы 2003 жылы "БСК Астық" ЖШС заӊгер ретінде бастаған.

2005-2008 жылдары Жаӊақорған аудандық ішкі істер бөлімінде учаскелік полиция инспекторы, анықтаушы, анықтау бөлімініӊ басшысы;

2008-2011 жылдары Қызылорда облысыныӊ "Халыққа қызмет көрсету орталығы" РМК Жаӊақорған аудандық бөлімініӊ басшысы;

2011-2014 жылдары Қызылорда облысыныӊ "Халыққа қызмет көрсету орталығы" РМК Шиелі аудандық бөлімініӊ басшысы;

2014 жылдан осы кезге дейін Қарауылтөбе ауылдық округініӊ әкімі қызметін атқарған.

Сонымен қатар, қала әкімініӊ кеӊесшісі де тағайындалды. Оған қала әкімініӊ 2017 жылғы 10 сәуірдегі №410 өкімімен Нұрсейітов Ақарыс Дүйсенбайұлы келді.

Ақарыс Дүйсенбайұлы, 1982 жылы 30 шілдеде Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді.

2003 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде "Тарих, құқық және экономика пәнініӊ мұғалімі" мамандығы бойынша білім алған.

Еӊбек жолын 2004 жылы "Астана Строй Сервис" ЖШС инженер ретінде бастаған.

2004-2006 жылдары №143 орта мектепте тарих пәнініӊ мұғалімі;

2006-2012 жылдар аралығында "Бастау и К" ЖШС, "ЖанСтройСервис" ЖШС, "Бастау С" ЖШС түрлі басшылық лауазымдарды атқарған.

2012 жылдан осы кезге дейін Ақсуат ауылдық округініӊ әкімі қызметін атқарып келді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны