31.05.2017, 16:40 9364

Қызылорда қалалық пробация қызметініӊ есебінде тұрған жұмыссыз сотталғандар үшін "Бос жұмыс орындар" жәрмеӊкесі өткізілді

Жәрмеӊкеге Қызылорда қалалық пробация есебінде тұрған 452 сотталғанныӊ ішінен 40 жұмыссыз қатыстырылды.

Қызылорда. 31 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда қаласындағы "Атамекен" кәсіпкерлер палатасында "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасын жүзеге асырылу барысы туралы" өткізілген дөӊгелек үстелде Қызылорда қалалық пробация қызметініӊ есебінде тұрған жұмыссыз сотталғандарды және жазасын толық өтеген адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге ықпалы етуді және арнайы бос жұмыс орындары жәрмеӊкесін ұйымдастыру туралы ұсыныс енгізген болатын.

Ұсыныс Қызылорда қалалық мәслихатыныӊ XII кезекті сессиясында қаралып, қабылданған шешімініӊ негізінде 2017 жылдыӊ 26 мамырында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімініӊ "Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оӊалту орталығы" коммуналдық мекемесінде "Бос жұмыс орындар" жәрмеӊкесі өткізілді.

Жәрмеӊкеге Қызылорда қалалық пробация есебінде тұрған 452 сотталғанныӊ ішінен 40 жұмыссыз қатыстырылды.

Қаланыӊ 21 мекемесінен 66 бос орынға сұраныс болды. Оныӊ ішінде "Тұрғын үй Қызылорда" ЖШС, "Еӊбек Қызылорда" ЖШС, "Қызылорда тазалығы" ЖШС-не т,б газэлектрдәнекерлеуші, жүргізуші, сантехник, аспазшы сынды мамандықтарға сұраныстар болды.

Қатысқан азаматтыӊ 19-на әр түрлі жұмыстар ұсынылып, жолдама берілді.

Сотталған арасында мамандығы жоқтар "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудыӊ 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы" аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқуға "аспазшы", "слесарь-сантехник", "электромонтер", "автокөлік жөндеу слесарі" т,б мамандықтарын алу мақсатында тіркеліп, кәсіптік оқуларын бітіргесін мамандықтары бойынша жұмысқа орналастыру жұмыстары жалғастырылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны