11.04.2017, 18:06 5695

Қызылорда қаласы әкімініӊ орынбасары болып Мақсұтов Нұрлан Мақсұтұлы тағайындалды

Қызылорда қаласы әкімініӊ 2017 жылғы 10 сәуірдегі №409 өкімімен қала әкімініӊ орынбасары болып Мақсұтов Нұрлан Мақсұтұлы тағайындалды.

Қызылорда. 11 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда қаласы әкімініӊ 2017 жылғы 10 сәуірдегі №409 өкімімен қала әкімініӊ орынбасары болып Мақсұтов Нұрлан Мақсұтұлы тағайындалды.

Нұрлан Мақсұтұлы 1980 жылдыӊ 17 маусымында Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында дүниеге келген. Жоғары білімді.

2003 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін "инженер - эколог", 2007 жылы Солтүстік Қазақстан құқық академиясын "құқықтану" мамандықтары бойынша бітірген.

Еӊбек жолын 2004 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Тайыншы аудандық еӊбек және әлеуметтік қорғау бөлімініӊ жетекші маманы ретінде бастаған.

2005-2006 жылдары Тайыншы аудандық еӊбек және әлеуметтік қорғау бөлімініӊ бас маманы;

2006-2007 жылдары Петропавл қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментініӊ бас маманы;

2007-2009 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратыныӊ бас маманы;

2009-2011 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы ауыл аумағы ісі жөніндегі комитетініӊ сарапшысы, бас сарапшысы;

2011-2013 жылдары ҚР Сауда және экономикалық даму министрлігі жанындағы өӊірлерді дамыту комитетініӊ бас сарапшысы, басқарма басшысы;

2013-2014 жылдары ҚР Өӊірлік даму министрлігі жанындағы ауыл және шекаралас аумақтағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту департаменті директорыныӊ орынбасары;

2014-2016 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі жанындағы өӊірлік саясат және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту департаменті директорыныӊ орынбасары;

2016 жылдан осы кезге дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігі жанындағы экономикалық инфрақұрылымды дамыту департаменті директорыныӊ орынбасары қызметін атқарған.

Отбасылы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны