03.03.2017, 20:56 6092

Қызылорда қаласы бойынша 2016 жылғы білім саласыныӊ қорытындысы талқыланды

Білім саласына енгізілген жаӊа реформаға сәйкес Қызылорда қаласыныӊ әкімі Нұрлыбек Нәлібаев білім қызметкерлерімен кеӊейтілген мәжіліс өткізді. Бұл туралы қала әкімдігініӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылорда. 3 наурыз. Kazakhstan Today - Білім саласына енгізілген жаӊа реформаға сәйкес Қызылорда қаласыныӊ әкімі Нұрлыбек Нәлібаев білім қызметкерлерімен кеӊейтілген мәжіліс өткізді. Бұл туралы қала әкімдігініӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Мәжілісте 2016 жылғы Қызылорда қаласы бойынша білім саласыныӊ қорытындысы талқыланып, нәтижеге жетуде жаӊа талаптар қойылды.

Шаһар басшысы Нұрлыбек Машбекұлы мектеп директорларынан бір мезетте орталықтандырылған түрде онлайн тесттен өткізуді сұрады.

Сонымен қоса, жыл сайын төменгі нәтиже көрсеткен негізгі пән мұғалімдері арасында пәндік олимпиада ұйымдастыруды, олимпиада жеӊімпаздарын көтермелеуді ұсынды.

Басты мақсат - сан арқылы рейтинг қуалау емес, сапалы біліммен түлектер өмірінде баянды болашақты қалыптастыру.

Айта кету керек, оқу жылы соӊында мектеп бітірушілер 2 кезеӊнен тұратын сынақтан өтпек. Біріншісі қорытынды аттестаттау - барлық бітірушілер үшін мектептіӊ базасында өткізіледі. Екіншісі ұлттық бірыӊғай тестілеу - жоғары оқу орнына түсуге ниет білдірген талапкерлерге арналған. Биыл ұялы телефон байланысын тұншықтыратын 12 құрылғы алуға қаржы қаралған. 50 шақырымнан жақын орналасқан 11 ауылдық мектептерден 164 мектеп бітіруші Ұлттық бірыӊғай тестілеу күні тасымалданатын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны