06.09.2017, 19:09 22559

Қызылорда қаласы күні 18-23 қыркүйек аралығында атап өтіледі

2017 жыл - Қызылорда қаласы үшін табысты басталды деуге толықтай болады. Қала тұрғындарыныӊ игілігі үшін жүргізілген құрылыс жұмыстарыныӊ нәтижесінде жалпы ауданы 240 580 шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер пайдалануға беріліп, 7 мыӊға жуық т9р5ын қоныс тойын тойлады.

Қызылорда. 6 қыркүйек. Kazakhstan Today - Үстіміздегі жылы Қызылорда қаласы күнін атап өту 18-23 қыркүйек аралығында болып белгіленді.

2017 жыл - Қызылорда қаласы үшін табысты басталды деуге толықтай болады. Қала тұрғындарыныӊ игілігі үшін жүргізілген құрылыс жұмыстарыныӊ нәтижесінде жалпы ауданы 240 580 шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер пайдалануға беріліп, 7 мыӊға жуық т9р5ын қоныс тойын тойлады.

Қала үшін еӊ маӊызды саналатын қалаішілік жолдарды жаӊғырту келер болсақ, қазіргі уақытта қала көлемінде жалпы ұзындығы 73,6 шақырымды құрайтын 124 көшеге орташа, күрделі және қайта жаӊғырту жұмыстары жасалуда. 4 жолақты бұл жолдыӊ ені 14-21 метр болса, 11,7 шақырым жаяу жүргіншілер жолымен, 4,4 шақырым болатын 156 дана түнгі жарық бағаналары, 19 аялдама салынды және екі бетіне барлық талаптарға сай суағар қарастырылған. Сонымен бірге, біраздан бері шешімін таппай келе жатқан "Сәулет" мөлтек ауданыныӊ 35 көшесін жөндеуге қол жеткізілді.

Қала күні қарсаӊында "Нұрлы жол" бағдарламасы арқылы Қызылорда қаласы бойынша ауыз су және кәріз су жүйелерін қайта жаӊғыртудан өткізуге Республикалық бюджеттен 3 млрд. 43 млн. 907 мыӊ теӊге қаржы бөлініп, бұл қаржыға 27 жоба бойынша 34,4 шақырым ауыз су және 7,8 шақырым кәріз су құбырлары қайта жаӊғыртылып, жөндеу жұмыстары жыл аяғына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

Биылғы жылға, жылу жүйелері мен қазандықтарды ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізуге 904 млн. 100 мыӊ теӊге қаралған. Өздеріӊіз білесіздер, тұрғындардыӊ барлығында бірдей фитнес клубтар мен спорт залдарына баруға мүмкіндіктері жоқ. Осы бағытта тұрғындардыӊ салауатты өмір салтын ұстануларына ықпал ету мақсатында бюджеттен 80 млн. теӊге қаржы қаралып, "Қала күніне" орай тұрғындарға тарту ретінде барлығы 20 дана спорттық-жаттығу алаӊдары салынуда. Соӊғы үлгідегі, заманауи талаптарға сай спорттық-жаттығу алаӊында веложаттығу, кермеше, брусья, түрлі күштік жаттықтырғыш құралдарымен қамтамасыз етіледі. Бұл алаӊдар ағымдағы жылдыӊ қараша айына дейін толық пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Келер жылы қаламыздыӊ 200 жылдық мерейтойы екендігі баршамызға белгілі. Бүгінгі күні айтулы мерейтойлық датаны жоғары деӊгейде атап өту үшін қарқынды дайындық жұмыстары басталып кетті. 200 жылдық мерейтойдыӊ басты тартуы - Қызылорда қаласыныӊ сол жақ жағалауын пайдалануға беру болып табылады. Сырдария өзенініӊ сол жағалауын дамытудыӊ түбегейлі жоспарлау жобасыныӊ жалпы көлемі 1 мыӊ 532 гектар болса, бірінші кезекте жоба бойынша жүзеге асырылуы тиіс 500 гектар аумаққа әкімшілік ғимараттар мен түрлі мақсаттағы әлеуметтік нысандар салынады. Негізінен сол жағалаудағы аумақ 15 ауданнан құралады, оныӊ ішінде: 11 тұрғын аудан, 1 индустриалдық аймақ және 3 ірі парктер мен бульварлар қарастырылған. Сол жағалауды кешенді игерудіӊ 1-ші кезеӊі - сол жағалау алаӊыныӊ және қажетті инфрақұрылымдарыныӊ құрылысы 2017-2024 жылдар аралығында жоспарланса, алғашқы қадамы ретінде былтырғы жылдыӊ соӊында Сырдария өзенініӊ екі жағалауын байланыстыратын автомобиль көпірі пайдалануға берілді. Ал, ағымдағы жылдыӊ 17 мамырында Сырдария өзенініӊ сол жағалауынан 5 қабатты 18 тұрғын үйлердіӊ және 320 орындық балабақшаныӊ іргетасы қаланды. Аталған құрылыс нысандарын 2018 жылға толық аяқтау жоспарланған. Еӊ бастысы, бұл нысандар құрылыс компанияларыныӊ өз қаражаты есебінен салынады. 2018 жылы республикалық бюджет есебінен тағы бір 320 орындық балабақша, 600 орындық мектептіӊ, мемлекеттік - жекеменшік әріптестік аясында 500 келушіге арналған емхананыӊ құрылысын салу жоспарлануда. Сонымен қатар, ағымдағы жылдыӊ шілде айынан бастап осы аумақта жастар орталығы, "Болашақ" университетініӊ студенттер қалашығы, неке сарайын салу жоспарланса, бүгінде жоспарланған нысандардыӊ бірі "Алаштыӊ анасы" атанған Сыр елініӊ өткенінен сыр шертер, Қазақ Орталық Атқару Комитеті мұражайы ғимараттарыныӊ іргетасын қалау жұмыстары басталып кетті. Сондай-ақ облыстық бюджеттен бөлінген 68 млн. теӊгеге "Онкологиялық орталықтыӊ" жоба-сметалық құжаттары әзірленуде және құрылыс жұмыстарын бастау қазан айына жоспарлануда.

Сонымен қатар, қала тұрғындары мен қонақтарына үлкен сый-тарту ретінде қала орталығында құрылысы жүріп жатқан ірі сауда және ойын-сауық орталығы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

"Қала күні" мерекесі қарсаӊында "Туған жер - таза мекенім" айлығы аясында 1-30 қыркүйек аралығында "Таза қала - жанға дауа", "Саябақтар шеруі" экологиялық акцияларын ұйымдастыра отырып, қаламыздағы барлық саябақтарда арнайы сенбіліктер өткізу жоспарланып отыр.

Бұл бағыттағы жұмыстарға қала тұрғындарыныӊ атсалысуына ықпал жасау мақсатында 10-24 қыркүйек аралығында "Таза көше", "Идемі аула", "Үлгілі ауыл", "Исем ғимарат" байқаулары ұйымдастырылып, арнайы комииссияныӊ шешімімен жеӊімпаздар қала әкімініӊ алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады. Қала тазалығы - ортақ іс, ортақ абырой. Тазалық әрбір жанұяныӊ ауласынан басталады. 18 қыркүйек "Мерейлі мереке" күні болып бекітіліп, ол күні "Сыр сүлейлері" аллеясында "Қымыз, шұбат", "Қауын - қарбыз", "Бауырсақ" фестивалдері және "Аспаздар сайысы" атты аспазшылар байқауы ұйымдастырылып, онда жергілікті кәсіпкерлердіӊ еӊ сапалы өнімдері көпшіліктіӊ назарына ұсынылса, "Сүйікті қалам Қызылорда" атты фото-суретшілердіӊ байқауында қаламыздағы әуесқой және кәсіпқой фотосуретшілердіӊ қала күніне арналған еӊбектері тұрғындарға тарту етілетін болады. Қала күні мерекесініӊ алғашқы күнініӊ қорытындысы ретінде орталық алаӊда "I LOVE QYZYLORDA" Диджей fest" жастар кеші өткізіледі.

"Білімді ұрпақ - ұраным" болып бекітілген 19 қыркүйек күні орталық алаӊда "Шеберлер ауылы" этноауыл көрмесі, "Балаға мейірімді қала" жас суретшілер байқауы, "Жас ұлан" атты бірнеше спорт түрлерінен оқушылар арасында спорттық сайыстар, "Сүйкімді бүлдіршін - 2017" байқауы, "Сүйікті қалама-199 жыл" мектеп оқушыларыныӊ флешмобы ұйымдастырылса, А. Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде "Өткені сырлы, келешегі нұрлы, Қызылордам" атты Қазақстан қалаларыныӊ мектеп оқушылары арасында шығармашлық өнер фестиваль-конкурсы өткізіліп, қорытындысымен орталық алаӊда жеӊімпаздарды марапаттауға арналған гала концерт өтеді.

Жоспарға сәйкес 20 қыркүйек "Жүрек жылуы" күні ретінде бекітіліп, қайырымдылық шараларына арналатын болады.Бұл күні орталық алаӊда алғаш рет Қызылорда қаласыныӊ 199 жылдығына арналған "Тәтті тарту" атты көлемі 199 см торт және тәтті тоқаштар мүмкіндігі шектеулі балаларға таратылып, "Жомарт жүрек" акциясы аясында қалалық мәдениет және демалыс паркіндегі ойын-сауық атракциондары тегін қызмет көрсететін болады.Сондай-ақ, осы күні "Жүрек жылуы аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық көмек көрсету акциясы, "Жүрегім толы мейірім" атты мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мерекелік концерті мен "Жүрек жылуы" акциясы аясында кресло арбада отыратын мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мерекелік шарасы ұйымдастырылады. 21 қыркүйек "Салауатты ұрпақ - ел болашағы" күні болып айқындалып, бұл күн тек спорттық шаралар мен сайыстарға арналады.

Шаралардыӊ басы ретінде Қорқыт Ата ескерткіші -Тәуелсіздік даӊғылы - Тұӊғыш Президент саябағы аралығын қамтитын қала тұрғындарыныӊ қатысуымен "Сыр байк" атты велошеру және Қорқыт Ата ескерткіші -Тәуелсіздік даӊғылы - "Сыр Ана" монументі аралығын қамтитын "Сыр жағалауы - 2017" атты жүгіруден марафон ұйымдастырылады. Сонымен бірге, "Сыр Ана" монументінде қазақша күрестен "Қызылорда батыры" атты турнир өткізіліп, орталық алаӊ мен Тасбөгет кентіндегі жастар арасында STREET WORKOUT-тан жарыс ұйымдастырылады. Қалмыздағы бірқатар спорт алаӊдарында бір мезгілде жастар мен жасөспірімдер арасында кіші футболдан "Туған күн" кубогі ойнатылып, орталық алаӊда "11 REGION" атты стритболдан сайыс ұйымдастырылып, жеӊімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады. 22 қыркүйек "Руханилы, қазыналы Қызылорда" күні болып бекітіліп, мәдени-көпшілік шараларға ұласады. Мерекелік күн "Көӊілді жолаушы" атты қалаішілік үлкен сыйымдылықтағы қоғамдық көліктердегі қала өнерпаздарыныӊ жолаушылармен бірге ән айтудан бастау алып, "Үш кемеӊгер" ескерткішініӊ жанындағы аллеяда "Кітап бульвары" атты кітаптар жәрмеӊкесі және әдеби кешке ұласады.

Сонымен бірге, "Сыр сандуғаштары" балалар вокалды тобыныӊ концерттік бағдарламасы, "Театр fest" атты Қызылорда қаласындағы балалар қуыршақ театрлары мен "Жастар" театрыныӊ қойылымдары, "Сүйікті қалам Қызылорда" атты фото-суретшілердіӊ байқауы және КАРАОКЕ-баттл, "Театрлар алаӊы" атты Қызылорда қаласындағы балалар қуыршақ театрларыныӊ қойылымдары ұйымдастырылады.

Бұл күн Қызылорда қаласыныӊ туған күніне арналған "Дария жағасындағы қала" атты қаламыздыӊ өсіп-өркендеуіне еӊбегі сіӊген құрметті азаматтармен ашық аспан астындағы кездесумен аяқталатын болады.

"Сыр елініӊ сый - тартуы" болып бекітілген 23 қыркүйек күні арнайы белгіленген орындарда Қызылорда облысы аудандарыныӊ ауылшаруашылық өнімдерініӊ "Сыр елініӊ сый-тартуы" атты жәрмеӊкесі ұйымдастырылып, шара барысында әрбір ауданныӊ өнерпаздары Қызылорда қаласы тұрғындары үшін мерекелік шараларын ұсынады.

"Қала күні" мерекесіне арналған мерекелік аптаныӊ қорытындысы ретінде "Келбеті көркем, келешегі кемел Қызылорда" атты Қазақстан эстрада жұлдыздарыныӊ қатысуымен Гала концерт ұйымдастырылып, салтанатты шараныӊ соӊы 20 минуттық отшашуға ұласады,- деп хабарлайды Өӊірлік коммуникациялар қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны