31.05.2017, 16:32 9902

Қызылорда қаласы прокуратурасыныӊ ықпалымен ауыл мұғалімдері 68 млн. теӊгеге әлеуметтік көмек алды

Қызылорда қаласы прокуратурасыныӊ ықпалымен ауыл мұғалімдері 68 млн. теӊгеге әлеуметтік көмек алды. "Өзгерістер бағдарламасында" көрсетілгендей жаӊа форматтағы прокуратураны қалыптастыру үшін, мәселелердіӊ салдарларымен ғана емес, оларды алдын алуға шаралар қолдану маӊызды.

Қызылорда. 31 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда қаласы прокуратурасыныӊ ықпалымен ауыл мұғалімдері 68 млн. теӊгеге әлеуметтік көмек алды.

"Өзгерістер бағдарламасында" көрсетілгендей жаӊа форматтағы прокуратураны қалыптастыру үшін, мәселелердіӊ салдарларымен ғана емес, оларды алдын алуға шаралар қолдану маӊызды.

Бұл халықтыӊ прокуратура органдарына сенімін арттыруға оӊды нәтиже беру қажет.

Айта кетсек, кейбір кездерде "достық" ортада қарапайым заӊды түсіндірудіӊ өзі, бірқатар азаматтардыӊ заӊды мүдделерініӊ қорғалуына алып келеді.

Талдаумен, ауылдық мектептерде бір жылдан астам жұмыс істеген мүғалімдер өздерініӊ құқықтарын білмегендіктен, көтерме жәрдемақыны, сондай-ақ үй салуға немесе оны сатып алуға мемлекеттік әлеуметтік көмекті ала алмаған.

Қызылорда облыстық прокуратурасыныӊ баспасөз хатшысы Сейіл Ботакөздіӊ хабарлауынша, осы орайда, ү.ж. наурыз айында прокуратураныӊ бастамасымен барлық ауыл мектептердіӊ мұғалімдерімен кездесу өткізіліп, олардыӊ құқықтары және тиісті көмек алу үшін қандай құжаттар қажеттігі туралы түсіндірілді.

Кездесу нәтижесімен уәкілетті органға 56 мұғалім өздерініӊ ұсынымдарын берді.

Қалалық әкімдіктіӊ 17.04.2017ж. қаулысымен 31 мұғалімге барлығы 67,8 млн. теӊге көлемінде әлеуметтік көмек бюджеттен бөлінді,- деп хабарлайды Қызылорда облыстық прокуратурасыныӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны