31.05.2017, 16:30 7811

Қызылорда қаласында Арал орнықты даму халықаралық форумы өтті

Форум аясында Арал маӊын оӊалту жөніндегі нақты жобалар жәнеорнықты дамыту бағдарламалары бастау алып, биоалуантүрлілікті сақтау, шөлейттендіруді тоқтату және көгалдандыру, ғылыми зерттеу қызметін біріктіру, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған меморандумдар мен келісімшарттарға қол қойылды.

Қызылорда. 31 мамыр. Kazakhstan Today - 2017 жылғы 30 мамырда Қызылорда қаласында Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Ибдіқалықованыӊ қатысуымен Арал орнықты даму халықаралық форумы өтті.

Форумға Қызылорда облысыныӊ әкімі, ҚР Парламенті Мәжілісініӊ депутаттары, бірқатар шет елдердіӊ Елшілері, орталық және жергілікті мемлекеттік атқаушы органдардыӊ, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардыӊ өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар қатысты.

Өзініӊ құттықтау сөзінде Гүлшара Ибдіқалықова Арал теӊізініӊ қасіреті күрделі экологиялық зардаптардыӊ бірі болып табылатынын және бұл мәселе табиғатқа деген зердесіз әрекеттіӊ салдары неге әкеп соқтыратыныныӊ тағы бір көрнекті мысалына айналғанын атап айтты.

Мемлекеттік хатшы Елбасыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" бағдарламалық мақаласындапрагматизмгеназар аударып, "өзіӊніӊ ұлттық және жеке байлығыӊды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыӊды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даӊғойлық пен кердеӊдікке жол бермеуді" көрсетіп бергенін атап өтті.

Аралды құтқару халықаралық қоры жұмыс істеген жылдар ішінде Арал маӊын экологиялық сауықтыруға және әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешу жөніндегі бағдарламалар іске асырылды.

Г.Ибдіқалықова Арал теӊізі бассейнініӊ проблемаларын шешуде халықаралық қауымдастықтыӊ қолдау көрсететініне, Орталық Азия мемлекеттерібұл бағытта одан әрі күш-жігерін біріктіретіндіктеріне үміт білдірді.

Форум аясында Арал маӊын оӊалту жөніндегі нақты жобалар жәнеорнықты дамыту бағдарламалары бастау алып, биоалуантүрлілікті сақтау, шөлейттендіруді тоқтату және көгалдандыру, ғылыми зерттеу қызметін біріктіру, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған меморандумдар мен келісімшарттарға қол қойылды.

Осы күні Мемлекеттік хатшы Қармақшы ауданында болып, онда "Қорқыт ата" кешенін аралады. "Жыраулар Үйі" мәдениет үйініӊ қызметімен, аудандық мұражай және кітапхана жұмысымен танысты, сондай-ақ зиялы қауым өкілдерімен кездесті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны