24.02.2017, 18:29 4521

Қызылорда қаласында ғылымдар апталығы басталды

Апталық аясында оқушылар түрлі іс-шараларға қатысу арқылы химия-биология пәндеріне қызығушылығын арттырып, тілдік дағдыларын дамытады.

Қызылорда. 24 ақпан. Kazakhstan Today - Қызылорда қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінде химия, биология және ағылшын тілі пәндерін қамтитын кіріктірілген ғылымдар апталығы басталды, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Апталық аясында оқушылар түрлі іс-шараларға қатысу арқылы химия-биология пәндеріне қызығушылығын арттырып, тілдік дағдыларын дамытады. Мәселен,апталықтыӊ ашылу салтанатында химия, биология салаларыныӊ көптеген ғажайыптардан тұратындығын шетелдік мұғалімдер мен мектеп оқушылары қызықты тәжірибелер арқылы көрсете білді.

Сондай-ақ, "Life Hacks - Өмірді жеӊілдететін заттар жасау" тәжірибе алаӊы сайысында оқушылар химия-биологиялық бағыттағы түрлі тәжірибелер көрсетіп, үй жағдайында дақтарды кетіру, өсімдіктерді зиянсыз жолмен бояу, қажетсіз қалдықтардан бұйымдарды әзірлеу жолдары жайында ағылшын тілінде пайдалы ақпарат берді.

"Бұл сайыста оқушылар өздерініӊ креативті идеяларымен таӊғалдырды. Мақсатымыз оқушыларды сапалы біліммен қаруландырып қана қоймай, олардыӊ назарын, білгендерін, жадында сақтай білу қабілетерін, ойлауын, тіл шеберлігін, білімге құштарлығын, өмірге көзқарасыныӊ дұрыс қалыптасуын, ізденімпаздығын, шығармашылық қабілетін дамыту болды", - дейді биология пәнініӊ мұғалімі Мөлдір Алданышова.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны