22.05.2017, 15:40 4259

Қызылорда қаласында мүмкіндігі шектеулі жандардыӊ облыстық олимпиадасы өтті

2017 жылдыӊ мамыр айыныӊ 19-ы күні Қызылорда қаласында Ғ. Мұратбаев атындағы стадионында Ұлы Отан соғысыныӊ Жеӊіс күніне орай "Қызылорда еріктілері" қауымыныӊ басшылығы облыстық спорт және туризм басқармасыныӊ қолдауымен мүмкіндігі шектеулі жандарға облыстық олимпиада өткізді.

Қызылорда. 22 мамыр. Kazakhstan Today - Оӊтүстік өӊірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағыныӊ құтқарушылары олимпиада кезінде мүмкіндігі шектеулі жандардыӊ қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

2017 жылдыӊ мамыр айыныӊ 19-ы күні Қызылорда қаласында Ғ. Мұратбаев атындағы стадионында Ұлы Отан соғысыныӊ Жеӊіс күніне орай "Қызылорда еріктілері" қауымыныӊ басшылығы облыстық спорт және туризм басқармасыныӊ қолдауымен мүмкіндігі шектеулі жандарға облыстық олимпиада өткізді. Аталған бұл іс-шарада Оӊтүстік өӊірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағыныӊ құтқарушылары байқаудыӊ қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, мүмкіндігі шектеулі жандарға (мүгедек арбасымен) кедергілерден өткізуге көмектесті.

Бұл жарысқа 40-қа жуық адамдар қатысты. Барлық қатысушылар Қызылорда қаласыныӊ мүгедектері және Талсуат денсаулықты орнына келтіру орталығыныӊ ем қабылдап жүрген азаматтары.

Бұл іс-шараныӊ мақсаты - дене шынықтыру және мүгедектердіӊ спорт түрлерін көпшілікке көрсету, бұқаралық спортты насихаттау және дамыту, мүмкіндігі шектеулі жандарды олардыӊ жүйедегі ұйымдасқан бәсекелестікке тарту арқылы белсенді және салауатты өмір салтын сауықтыру.

Жарыс аяқталғаннан кейін жасақ құтқарушылары барлық қонақтарға және көрермендерге судағы қауіпсіздік ережелері туралы үнпарақтар мен брошюраларын таратып шықты,- деп хабарлайды Оӊтүстік өӊірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны